Алматы облысында «Қазпошта» қызметкерлері кассадан 80 миллион ұрлаған
Миллиондаған қаржы жымқырған. Алматы облысында «Қазпошта» кассасынан 80 миллион теңге ұрлаған екі қызметкер ұсталды.
Автор: Әсем Лесбек
26.09.2024
Лауазымын пайдалана отырып, халық төлеген салықтың бір бөлігін ұстап отырыпты. Яғни түбіртектегі соманы артығымен жазып заңсыз ақша жасаған. Қомақты қаражатқа адамдардың төлқұжаты мен жеке куәлігіндегі мәліметтері арқылы иемденген. Қазір екі кассирге қатысты үкім шығып, олар бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Аида Иманалиева, Алматы облысы прокурорының көмекшісі:
— Қылмыс схемасы 2021-2023 жылға дейін төлқұжаттар мен жеке куәліктерді рәсімдеуде жүргізілген. Көрсетілген залал соммасы 80 миллион теңгеден астам. Сот үкімімен екі кассир аса ірі мөлшерде бөтен мүлікті иемденіп алғаны үшін кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айыру және материалдық жауапты сондай-ақ басшылық қызметтерді атқару тыйым салу түріндегі жаза тағайындады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!