{metadescription}
Сот шешімі: Салтанаттың отбасы Қуандық Бишімбаевтан 17 миллион теңге өтемақы алады
Сот шешімі: Салтанаттың отбасы Қуандық Бишімбаевтан 17 миллион теңге өтемақы алады

Сот шешімі: Салтанаттың отбасы Қуандық Бишімбаевтан 17 миллион теңге өтемақы алады

Салтанат Нүкенованың отбасы Қуандық Бишімбаевтан 17 миллион теңге моральдық және материалдық өтемақы өндіріп алады. Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі соты марқұмның ағасы Айтбек Амангелдінің ақша өндіру туралы талабын қарап, осындай шешім шығарыпты.

Түрмедегі экс-министрден алынатын бұл соманың 7 миллионы қылмыстық іс бойынша кеткен шығын болса, қалған 10 миллионы Салтанаттың ата-анасы мен ағасының денсаулығы мен жүйкесін жұқартқаны үшін моральдық өтемақы ретінде белгіленген.

Қара жамылған отбасына Бишімбаевтың қаржыны қанша уақытта өтеуі тиіс екені белгісіз. Әзірге жазасын Ақмола облысындағы қауіпсіздігі жоғары колонияда өтеп жатқан қылмыскер лайықты жұмыс таппаған. Түрме басшылығының айтуынша, абақтыда Бишімбаевқа лайықты бос вакансия жоқ болып шыққан.

Астана сотының баспасөз қызметі:

Парасаттылық пен әділдік қағидатына сүйене отырып, жақын туысының қайтыс болуы талапкердің моральдық жағдайына кері әсерін тигізгенін, оның жеке мүлік емес құқығын бұзғанын ескере отырып, сот талапты ішінара қанағаттандырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.