{metadescription}
Теңгенің АҚШ доллары мен Ресей рубліне шаққан бағамы нығайып келеді
Теңгенің АҚШ доллары мен Ресей рубліне шаққан бағамы нығайып келеді

Теңгенің АҚШ доллары мен Ресей рубліне шаққан бағамы нығайып келеді

Теңгенің АҚШ доллары мен Ресей рубліне шаққан бағамы нығаюда. Сарапшылар алдағы айлардың көрсеткішінде де нарықта айтарлықтай өзгеріс бола қоймайды деп топшылап отыр. Осы күзде теңгенің бір долларға шаққан бағамы 470 теңге деңгейінде тұрақталады деген болжам бар.

Теңгенің Қазақстан қор биржасында нығаюын сарапшылар көктемгі тасқынның салдарын жоюға бағытталған ауқымды құрылыспен байланыстырады. Ел үкіметі қордағы біраз АҚШ долларын сауда-саттыққа шығарып, нәтижесінде америкалық валюта сәл әлсірепті. Кейбір сарапшы төл валютамызға қосымша дем беріп, нарықта оны нығайтудың теріс кері әсері бар екенін де айтып отыр.

Сапарбай Жобаев, экономика сарапшысы:

Теңгенің қуаттануы бюджетімізге және экспорттаушыларға әсер етті. Неге? Себебі бір миллион жасаған кәсіпорын, бұрын, мысалы 470 миллион теңге алса, 2024 жылдың бірінші жартысында 440 миллион теңге алды, олардың табысы төмендеді. Сондықтан бірінші жартыжылдықта бюджетімізге біраз қиын болды. Қосымша құн салығы, басқа да салықтар түседі деп едік, түспей қалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде