{metadescription}
Құрылысшылар одағы жалға берілетін пәтердің шаршы метр бағасын көтеруді ұсынды
Құрылысшылар одағы жалға берілетін пәтердің шаршы метр бағасын көтеруді ұсынды

Құрылысшылар одағы жалға берілетін пәтердің шаршы метр бағасын көтеруді ұсынды

Қазақстан құрылысшылар одағы тұрғын үй кезегіндегілерге жалға берілетін пәтердің шаршы метрінің бағасын көтеруді ұсынды. Айтуларынша, қазіргі құны тым төмен, сондықтан шығын да шаш‑етектен.

Валерий Лакисов, Қазақстан құрылысшылар одағы төрағасының орынбасары:

Өкінішке қарай, шаршы метрдің қазіргі бағасы нарық бағасымен үйлесімді емес. Сондықтан одақ жалға берілетін тұрғын үй салушылардан сатып алу құнын 380 мың теңгеге арттыруды ұсынады.

Құрылысшылар одағына жергілікті атқарушы органдар жалға берілетін тұрғын үйді нарық бағаcынан арзанға сатып алады деп компаниялар көп шағымданады екен. Қарыштап дамып, қалта толтырып, пайда таба алмай жүргенін де сонымен байланыстырып отыр.

Құрылысшылар тұрғын үйді реновациялаудағы, яғни мемлекеттік бағдарлама бойынша жаңалау, жөндеу немесе сүріп, жаңасын салуда да проблема бар екенін айтты. Елімізде тұрғын үй қорының 30 пайызы ескірген және апатты. Әсіресе 1980 жылға дейін салынып, тозығы жеткен үйлерді сүруде мемлекет пен бизнесте ортақ бір механизм болса дейді олар

Вячеслав Лазеров, Қазақстан құрылысшылары одағы, Астана филиалының директоры:

Әрине, әкімдіктерде ескі үйлерді реновациялауда белгілі бір жоспар бар. Бірақ нақты мемлекеттік концептуалдық бағыт, ортақ талап жоқ. Нақты механизм болмаған соң, жекелеген үйлерді сүруге келгенде баспана иелері спекуляцияға айналдырып жібереді. Әбден ескіріп, құлағалы тұрған үйлерді сатып алып, саудалайтыны да бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде