{metadescription}
АЭС салу: Қоғамдық даму институты сауалнама жүргізді
АЭС салу: Қоғамдық даму институты сауалнама жүргізді

АЭС салу: Қоғамдық даму институты сауалнама жүргізді

Атом электр станциясын салу идеясын қолдаушылар қатары артып келеді. Бұған Қазақстандық қоғамдық даму институтының телефон арқылы өткізген сауалнамасы дәлел.

17-24 қыркүйек аралығында қазақстандықтар арасында жүргізілген зерттеу жалпыұлттық іріктемеге сәйкес.

Сауалнамаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар үш қаладан 1200 респондент қатысқан. Сауалнама нәтижесіне сәйкес, қатысушылардың 64 пайызы референдумға баруға дайын. Оның ішінде 45 пайызы маңызды саяси науқанға нақты қатысатынын айтқан. Ал азаматтардың 18 пайызы дауыс беруге тырысатынын хабарлаған.

Жалпы референдумға баруға дайын азаматтардың ішіндегі 67 пайызы АЭС құрылысын қолдайды. Респонденттердің тек 22 пайызы қарсы дауыс беруді жоспарлап отыр. Ал сауалнамаға қатысқандардың 10 пайызға жуығы өз ұстанымын әлі анықтамаған.

ӘЛЕУМЕТТІК САУАЛНАМА (18 жастан асқан 1200 адам)

45,4% - референдумға нақты қатысады

18,6% - референдумға қатысуға тырысады

16,6% - референдумға қатыспайды

10,5% - әлі шешім қабылдамады

8% - бірінші рет естіді

0,9% - жауап қайтаруға қиналады

ӘЛЕУМЕТТІК САУАЛНАМА (18 жастан асқан 1200 адам)

67,4% - АЭС құрылысын қолдайды

22,8% - қарсы дауыс бермек

9,8% - өз ұстанымын анықтамады

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.