{metadescription}
АЭС құрылысы —  еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтады
АЭС құрылысы —  еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтады

АЭС құрылысы — еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтады

Атом электр станциясының құрылысы еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтудағы маңызды қадам. «Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту перспективалары» атты Еуразия ұлттық университетінде өткен алқа жиынға қатысушылар осындай пікір білдірді. Ұстаздар, студенттер мен сарапшылар атом электр станциясы тұрақты және экологиялық таза энергиямен қамтамасыз ететіне зор сенім артып отыр.

Алқа жиында көбіне атом электр станцияларының қауіпсіздігі мәселесі талқыланды. Жиынға қатысушылар заманауи технологиялар қауіп-қатерді және қандай да бір тәуекелдерді барынша азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Радиация мен қоршаған ортаның арасында тікелей байланыс жоқ екеніне баса назар аударып, ядролық энергетикаға байланысты алып-қашпа әңгімелерді жоққа шығарды. Оған қоса, атом электр станцияларының заманауи нұсқалары туралы мол ақпарат берілді.

Іс-шараны Еуразия ұлттық университетінің ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар кафедрасы ұйымдастырды.

Нұрлан Амангелді, ЕҰУ Физика-техника ғылымдары институтының «Ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар» кафедрасының доценті:

Экологтар АЭС салынуын қолдап жатыр. Қарапайым халықта түсінбеушілік бар. Мысалы, Балқаш көлінен 60 тонна су алынады, екі контурға. АЭС 80 жыл жұмыс істейтін болса, сол су 80 жыл бойы ішінде тұйық контурмен айналады. Бірінші құйылған су жерге шықпайды. Ал аздап буланған суды толықтырып отырады. Көлге еш радиация берілмейді, не болмаса, қайта-қайта Балқаш көлінен су алына бермейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.