Теміртау: Қала күнінде жаңа трамвайлар жолға шығады
Теміртауда келесі аптада жаңа трамвайлар жолға шықпақ. Былтыр темір жолдар мен тіркемелердің тозуынан трамвай депосы жабылып қалған болатын. Бұл жаңалыққа қала тұрғындары қатты қапаланған. Араға жыл салып, трамвайлар рельске қайта тұратын болды.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
26.09.2024
Келе жатқанда ескі вагоны шиқылдап, жан_жағын шулататын көлік металлургтер қаласының көркін келтіріп тұратын. Былтыр трамвайлар қозғалысын тоқтатқанда қала тұрғындары наразы болып, тіпті парк ашу туралы петиция ұйымдастырған. Содан кейін трамвай жолының электр жүйелері мен рельсі жөнделе бастады. Оның іске қосылатынына әсіресе зейнеткерлер мен металургиялық комбинат ардагерлері қатты қуанып отыр.
Геннадий Зимаков:
— Ескі вагондар сақырлап, маңайды шу қып жіберетін. Енді қандай болатынын көреміз. Ал тармвай — қажет көлік. Менің ардагерлік куәлігім бар, сонымен тегін жүруіме болады.
Бұрын «Арселор Митталға» тиесілі тармвай депосы әбден тозған. Шенеуніктер оны қала балансына да алмақ болды. Бірақ күрделі жөндеуден өткізіп беруді сұрап жүрген. Миттал кеткен соң, трамвай паркі жаңа инвестордың иелігіне өтті. Сәуір айында кұрделі жөндеу де басталған.
Ал трамвайдың жолға шығуын тұрғындардан гөрі, жүргізушілері асыға күтіп жүр. Былтыр зейнет жасына аз қалған олардың көбі абдырап қалған. Депо жабылған соң, Оксана Железкова конвеер машинсі болып комбинатқа жұмысқа кірген. Енді ол өз тармвайын тізгіндеуге асық. Қанша дегенмен, депода 34 жыл еңбек етті.
Оксана Железкова трамвай жүргізушісі:
— Бастығымыз жаңа трамвайдың кабинасын көрсетті. Өзгеше, өте қызық. Оны жүргізудің ережесі бір болғанымен, басқару жағынан сәл өзгешелік болады, соған бейімделуім керек.
Сегіз су жаңа состав қытайдан алынған. Мамандар бұлар елдегі үздік деп отыр. Себебі Павлодар мен Өскеменде ғана бар трамвайлар әбден ескірген. Күрделі жөндеуге кеткен қаражат көлемін компания өкілдері айтқан жоқ. Бірақ былтыр жасалағн
есеп-қисапта жолға 10, вагонды жаңартуға 3 миллиард теңге кетеді деп болжанған. Дегенмен бұл коммерциялық жоба емес дейді мамандар. Жолаушы тасып пайдаға кенелу туралы сөз жоқ. Тек оның экологиясы маңызды. Өндірісі бар қалалардағы ауаның ластанбауы жөнінде Президент те өз Жолдауында айтқан.
Алексей Давыдов, Qarmet АҚ құрылыс жөнінде директорының орынбасары:
— 15 шақырым рельс жаңартылды. Желілер тартылып жатыр, жалпы ұзындығы 23 шақырым. Қазан айының басында трамвайларды рельске шығарып тексереміз.
Жол жүру тарифі әзірге бекітілмеген. Былтыр 50 теңге болатын. Трамвай паркінінң мемлекет меншігіне өтер-өтпесі де әлі белгісіз. Экологиялық қоғамдық көліктерді Теміртау қаласының туған күнінде жолға шығарады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!