{metadescription}
«Таза Қазақстан»: Абай облысында өзен жағасы қалың қамыстан тазартылды
«Таза Қазақстан»: Абай облысында өзен жағасы қалың қамыстан тазартылды

«Таза Қазақстан»: Абай облысында өзен жағасы қалың қамыстан тазартылды

Абай облысында өзен жағасы қалың қамыстан тазартылды. Бородулиха ауданының тұрғындары осылайша, «Таза Қазақстан» акциясында, алдағы көктемде тасқынды болдырмауға қамданды.

Новопокровка ауылының іргесіндегі Жура өзені жылда көктемде жұртты әуре-сарсаңға салатын. Биіктігі екі метр әрі қалың қамыс көктемде еріген қар мен мұзды өткізбейді. Соның салдарынан өзен арнасынан асып, елді мекен көлкіген суға кенеледі. Жұрт өзен жағасын бекіту кезінде кедергі келтірмеу үшін ауыл іргесіндегі қамысты отап тастады. Ұйымдастырылған сенбілікке мемлекеттік қызметкерлер мен ауыл тұрғындары белсене қатысты. 150 адам жұмылып, Жура өзенінің төңірегін тып-типыл етіп тазартты. Аудан атқамінерлерінің айтуынша, «Таза Қазақстан» акциясында тұрғындар көшеттер отырғызылып, суағарлар да қалпына келтірілді.

Айдар Ибраев, Бородулиха ауданының әкімі:

Бородулиха ауданында бірқатар тазалық іс-шарасын жүзеге асырдық. Көктемде, жазда көше, саябақтарды тазалау белсенді жүргізілді. Сәуір, мамыр айларында екі мыңнан аса ағаш және 20 мыңнан аса көшет отырғыздық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде