{metadescription}
Таразда жауын-шашында жүргізілген жөндеу 13 көпқабатты үйді шығынға батырды
Таразда жауын-шашында жүргізілген жөндеу 13 көпқабатты үйді шығынға батырды

Таразда жауын-шашында жүргізілген жөндеу 13 көпқабатты үйді шығынға батырды

Таразда толассыз жауған жаңбырдан тұрғындар түні бойы көз ілмеді. Себебі, жөндеу жүріп жатқан 13 көпқабатты үйдің  төбесінен су сорғалаған. Олар шатырдан аққан судан үйдегі жиһазды қорғаймыз деп әбігерге түскен. Кейбірі жақында ғана жөндеу жүргізген «еңбегіміз еш кетті» деп отыр. Су басқан үйлердің тұрғындары күрделі жөндеуді жаңбырлы маусымда бастаған әкімдіктен шығынды өтеп берсін деп талап етіп отыр.

Таразда тұрғын үйлер жауын-шашын маусымына дайын болмай шықты. Нөсер жауын жөндеу жүріп жатқан 13 көпқабатты тұрғын үйдің төбесінен өткен. Сорғалаған судан, әсіресе бесінші қабаттағы пәтерлер бүлінген.

Күз келгенде шатырын ашып, жөндеуін енді бастап жатқан 53 көпқабатты үй бар болып шықты. Толассыз жауыннан кейбір үйден аққан су бірінші қабатқа дейін жеткен. Түні бойы су сорғытумен әлек болған тұрғындар 1шаш-етектен шығынға баттық1 дейді.

Әлия Дәулетбаева:

Біріншіден, түсқағаздың бәрі түсіп қалды. Екіншіден, тұрмыстық техникамның бәрі күйіп кетті. Не жарық жоқ. ларым бәрі күйді. Тамақтың бәрі ертең бұзылады. Оның бәрін маған кім төлеп береді?! Адал еңбекпен тапқан айлығыммен үйімді жөндеттім, бәрін құртты!

«Тұрғын үй жөндеу Тараз» Серіктестігінің мамандары жауын-шашыннан жөндеу жүріп жатқан барлық үй зардап шекпеді дейді. Олар мердігерлерге алдын ала шатырды полиэтиленмен жаба тұруға кеңес беріпті. Алайда кейбір мердігер ескертуді елемеген. Енді пәтерге келген шығынды өтеу тапсырыс берушілерді тыңдамаған-  мердігерлерге жүктелмек.

Алмат Радикұлы, «Тұрғын үй жөндеу Тараз» ЖШС директоры:

Мердігер мекемелер жалпы келген шығынды өз есебінен жөндеп беруге келісіп отыр. Жасалған келісімшартқа сәйкес, келтірілген шығынды өз есебінен орындауға міндеттеме алған.

Қазір су басқан үйлерге келтірілген шығын есептеліп жатыр. Әкімдік жанынан арнайы жұмыс тобы құрылған. Мамандар үйлердің шатырын жөндеу биыл екі айға кеш басталғанан айтады. Өйткені шілде айына жоспарланған жұмыс қаражаттың уақтылы түспей қалуына байланысты тоқтап қалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде