{metadescription}
Атырауда суы тартылған арнадан балық құтқару жұмысы әлі жүріп жатыр
Атырауда суы тартылған арнадан балық құтқару жұмысы әлі жүріп жатыр

Атырауда суы тартылған арнадан балық құтқару жұмысы әлі жүріп жатыр

Атырауда суы тартылған арнада қырылып жатқан балықтарды құтқару жұмысы әлі жүргізіліп жатыр. Қазірге дейін облыс көлемінде 91 миллионнан астам шабақ құтқарылған.

Өңірде тасқыннан кейін 90-нан астам каналдағы су тартылып, сазан, шортан, жайын мен алабұға шабақтары шалшықта қалған еді. Жаппай қырылған су жәндіктерін еріктілер, әскерилер мен жергілікті кәсіпорын жұмысшылары құтқаруда. Жиналған шабақтарды Жайық пен Қиғаш өзендеріне жіберіп жатыр. Ағыспен келген су маржандары Соколок пен Сарыөзек арналарының бойында көп қалған. Балық шаруашылығы инспекциясының мәліметінше, қырылған балық бір тоннадан асады, ол санитария талабына сай жойылып жатыр дейді жауаптылар.

Алмас Жұмашов, Жайық-Каспий облысаралық бассейн, балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы:

Атырау облысы аумағында балық құтқару әлі жалғасып жатыр. Жайық-Каспий инспекциясының ұйымдастыруымен жергілікті атқарушы органдар және «АрнаулыАвтобаза» қызметкерлері, инспекцияға қарасты бөлім мамандары қызметкерлері және әскерилер бөлім сарбаздары бірлесіп, су арналары мен жайлымымнан құтару жүргізуде. Құтқарылған шабақтарды Жайық пен Қиғаш өзендеріне жіберіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде