{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында тарихи тұлғалардың рухына тағзым етті
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында тарихи тұлғалардың рухына тағзым етті

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында тарихи тұлғалардың рухына тағзым етті

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. Түбі бір түркі жұртының түпқазығы саналатын қасиетті өлкеде президент әуелі Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат етті. Ол ғұлама, бүкіл түркі дүниесіне ортақ рухани ұстаздың және кесене аумағында жерленген өзге де тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, құран бағыштады. Мемлекет басшысы аймақтағы білім беру, мәдениет және спорт нысандарын да аралап көрді.

500-ден астам оқушы білім алып жатқан лицей-интернатта жаратылыстану-математика бағытына басымдық берілген. Мұндағы ұстаздар оқушылардың, әсіресе академиялық жетістіктеріне ерекше ден қояды. Нәтижесінде олар республикалық, халықаралық пән олимпиадаларында және спорт сайыстарында үздік атанып жүр. Білім биігін бағындыруларына тілектестігін білдірген президент еліміздің келешегі жас ұрпақтың қолында екенін баса айтты.

Президент мұз сарайына барып, спортты жанына серік еткен балалардың өнерін тамашалады. Мемлекет басшысы отандық спортшыларды әрдайым қолдайтынын әрі жетістіктерін бақылап отыратынын жеткізді.

Жергілікті Turan Tigers хоккей клубының ойыншылары Қасым-Жомарт Тоқаевқа команданың жейдесін сыйға тартты.

Президент өзінің арнайы тапсырмасымен салынған Достық үйінің жұмысымен танысты. Мемлекет басшысы ғимаратты аралап көріп, жергілікті зиялы қауыммен және Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелерімен жүздесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Қастерлі Түркістан жеріне келіп отырмын, арнайы тағзым ету үшін. Енді қарасам, Түркістанның келбеті керемет, абаттандырылған. Қала м таза. Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасы, оны ашық айту керек. Сондықтан бәріміз бірігіп, ел үшін, мемлекет үшін жұмыс істеуіміз керек. Ең алдымен, халқымыз жақсы, көпұлтты халық, сондықтан бәрі дұрыс болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде