{metadescription}
Сарапшылар: Қазақстан атом энергетикасын бұрын да дамытып келген
Сарапшылар: Қазақстан атом энергетикасын бұрын да дамытып келген

Сарапшылар: Қазақстан атом энергетикасын бұрын да дамытып келген

Атом энергиясына деген жаһандық сұраныс және Орталық Азияның рөлі. «Қазақстан атом энергетикасын дамытуды енді ғана қолға алып жатқан ел емес. Біздің шағын атом қондырғыларымыз бар, оның үстіне атом технологияларын экспортқа шығаруды қолға алдық, деп айтылды халықыралық сарапшыларының қатысуымен өтіп жатқан жиында. Білікті мамандарды тоғыстырған шарада қатысушылар, әсіресе әлемдік энергетикалық нарықта Қазақстанның алатын орны бөлек деп отыр.

Бауыржан Ибраев, NNWI Сеntral Asia Kazakhstan консультатив кеңесінің төрағасы:

Біз уран өңдеу жағынан әлемде бірінші орында тұрмыз. Екінші  жаңғырту технологиясы, ол  таблетка жасау. Сол ядролық отынды бүгінгі таңда әлемде пайдаланып жатқан реакторларды көбіне бере аламыз, азаматтық реактор дейміз ғой. Америка, Қытайдан шығарылатын, Франция, Ресейде шығарылатын реакторлар ондай таблетканы бүгін пайдаланып отыр. Ол сертификатталған.

Іс-шарада қайта жаңартылатын энергия көзін дамытудағы елеулі жетістіктерге қарамастан, Орталық Азияның әлі де көмірсутек отынына тәуелді екендігі атап өтілді. Мұнай, табиғи газ және көмір өңірдің энергетикалық балансында басты орын алуда. Дегенмен электр энергиясына сұраныстың көбеюі мен энергетикалық жүйенің тұрақтылығын арттыру қажеттілігі ядролық энергетика сияқты жаңа технологияны енгізуді талап етеді. Бұл ретте сарапшылар Қазақстан АЭС салу жоспарын жариялап, экономикалық қажеттіліктер мен экология мәселесін шешуді көздейді.

Гүлмира Мұрсалова, ҚР Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары:

Техникалық-экономикалық негіздемеде қоршаған ортаға әсерін бағалау құжаттары әзірленеді. Арнайы экология сараптамалары болады. Әрине, сейсмикасы да бар, оның ішінде су мәселесі де бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде