{metadescription}
Күн райына қарай кейбір өңірге жылу кешірек беріледі
Күн райына қарай кейбір өңірге жылу кешірек беріледі

Күн райына қарай кейбір өңірге жылу кешірек беріледі

Еліміздің кейбір өңірінде жылыту маусымы кешірек басталады. Мамандардың айтуынша, Жылуэлектр орталықтары әр өңірдегі ауа райына қарай толық іске қосылады.

Мәселен, жылыту мауысымы Өскемен қаласында бүгіннен басталса, Шығыс Қазақстан облысы 1 қазаннан бастап жылытылады.

Қызылорда облысының әкімдігі алдағы айдың 10-ынан бастап тұрғындарды жылумен қамтуға уәде беріп отыр.

Ұлытау өңірінде де жылыту маусымы 10 қазаннан басталмақ.

Жамбыл облысындағы әлеуметтік нысандар мен түрғын үйлерді жылуға қосу 15-сіне де созылуы мүмкін.

Семей қаласының әкімі 1 қазаннан бастап жылуды қосу туралы қаулыға қол қойды.

Түркістан облысында жылу ең соңында қосылатын сыңайлы. Өйткені шаһарда әлі де күн жылы.

Алматы мен Алматы облысында жылу беру +8 градустан төмен температура бес тәуліктен артық сақталса ғана қосылмақ.

Астанада және солтүстіктегі кей өңірде білім беру, денсаулық сақтау мекемелеріғ яғни әлеуметтік маңызы бар нысандар осы аптаның басынан бастап орталықтан жылытылып жатыр.

Дастан Аман, ҚР Энергетика министрлігі, Атом және энергетиканы қадағалау-бақылау комитетінің бас сарапшысы:

Қазір жылу беру Астана қаласында, Павлодар облысында толық және Ақмола облысында, Көкшетау қаласында басталды. Елімізде жылыту маусымына дайындықта 10 энергоблок, 55 қазандық және 45 турбинаны жөндеу жоспарланған. Қазір 5 энергоблокта, 32 қазандықта және 28 турбинада жөндеу жұмысы аяқталған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде