{metadescription}
Қоғамдық орында ақша жинап жүрген еріктілер тексеріледі
Қоғамдық орында ақша жинап жүрген еріктілер тексеріледі

Қоғамдық орында ақша жинап жүрген еріктілер тексеріледі

Бұдан былай қоғамдық орындарда ақша жинап, мұқтаж жандарға көмектесіп жүрген еріктілер тексеріледі. Өйткені соңғы кездері елімізде қайырымдылықпен айналысатындар көбейген. Ішкі істер министрлігі өкілдерінің айтуынша, мұндай еріктілердің артында алаяқтар тұруы мүмкін. Ал анықталған жағдайда, оларға қандай жаза қолданылатыны әзірге белгісіз. Десе де шынайы көмек көрсетіп, қол ұшын созып жүргендер де аз емес.

Бұл жанұяны тағдыр сыны шыр айналдырған. 11 жасар Әлихан церебрал сал ауруына шалдыққан. Анасы баласымен бірнеше рет шетелге барып қаралған. Қайда болмасын, аттап бассаң, «ақша қажет ететін қымбатшылық заманда дертіне дауа бар, алайда қаражат жоқ» дейді. Айтуынша, ай сайын Әлиханның еміне 600 мың теңгеге дейін қаражат кетеді екен. Жұбайының жалақысы шайлығынан артылмайтын отбасына «Халықаралық дүние руханият» қоры тек қаржылай ғана емес, азық-түлікпен де қамтамасыз еткен.  

Айсұлу Қаукенова:

Баламда ДЦП. Бұл диагнозбен балада еш үзіліс болмауы керек. Әйтпесе сүйегі қисая бастайды. Осы кісілерді тауып Қайрат мырзаның арқасында балам қорғаулы. Сол кісілерден көмек сұрағанмын. Аллаға шүкір. Бір рет емес, үш рет көмегін алдым. Қаржылай алдым. Өйткені балама қаржылай көмек керек. Баланың жәрдемақысы өзіне жетпейді.

Қор өкілдері сал ауруына, ауыр дертке шалдыққан 350-ден астам баланың еміне қаржылай қолдау көрсетіп келеді. Сонымен қатар тұрмысы төмен, шын мұқтаж отбасына қол ұшын созған. Бұл қор еліміздің төрт қаласында бар екен.

Жанболат Орынбасар, «Халықаралық дүние руханият» қоғамдық қорының президенті:

Қоғамдық қорымыз бір отбасына нақты сома дайындап қойғанбыз. Кейде өздері сұрайды, осыншама сома керек деп.  Сол кезде қанша уақытта жинап боламыз, содан кейін келесі балаға жинап бере береміз. Бір балаға бір аптада жинап қоямыз. Кейбіріне бір айда жинамыз, кейбіріне төрт аптада. Кезекпен. Ол жерде есеп беріледі, бухгалтерияға барады ғой. Актімен қабылдап аламыз.

Аталмыш қордың жұмыс істегеніне алты жылға жуықтаған. Мұнда еріктілерден жасақталған арнайы топ та бар. Олар науқас бүлдіршіндердің суреті жапсырылған қорапшалармен қоғамдық орындарды аралап, көпшілікті сауабы мол игі іс көрсетуге шақырады.

Нұрлы Сарыбай, ерікті:

Науқас сәбилердің еміне көмек беріп жатырмыз. Ерекше балалардың. Осындай «Халықаралық руханият» қорымен бірге іс-шаралар ұйымдастырамыз. Сол іс-шараларға ат салысып, көмектесіп жүремін. Қоғамдық орындардан, базарлардан немесе автобустардан. Қоғамымызда қаншама науқас сәби көп, солардың еміне мен де көмектескім келеді.

Десе де мүгедек балалардың атын жамылып заңсыз жолмен ақша жинап жүрген топтар да жоқ емес. Жақында осы мәселені Сенат отырысында да көтерген. Енді елімізде автобустың ішінде ақша жинайтын еріктілерді полицейлер тексеретін болады.

Игорь Лепеха, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

Қарап көрейік, зерттейік. Бірақ жақсылық жасау әр адамның өз еркінде. Ақша жинап жүргендер ешкімді бопсаламайды. Бергіңіз келсе   бересіз, бергіңіз келмесе   бермейміз. Бұл бірінші мәселе. Екінші мәселе    еріктілердің артында алаяқтардың тұруы да мүмкін. Егер сондай жағдай кездесіп жатса, онда ол біздің құзыретімізде.

Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындарда ақша жинап жүрген еріктілерді енді жіті тексермек. Өйткені қаражат жинайтындардың көбі жасөспірім. Сондықтан түсіндіру жұмысына олардың ата-аналары да тартылады. Ал алаяқ болып танылғандарға нақты қандай жаза қолданылатыны әзірге белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде