{metadescription}
Ақмола облысы: Ауылдарда фельдшер-акушер пункттері мен амбулатория салынып жатыр
Ақмола облысы: Ауылдарда фельдшер-акушер пункттері мен амбулатория салынып жатыр

Ақмола облысы: Ауылдарда фельдшер-акушер пункттері мен амбулатория салынып жатыр

Ақмола облысы Шортанды ауданындағы Күлшім мен Новакубанка ауылдарында фельдшер-акушер пункті мен  амбулатория салынып жатыр. Қос нысанның құрылысы биыл аяқталып, халық игілігіне беріледі. Оған бюджеттен жарты миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Көлемі 261 шаршы метр болатын Күлшім ауылындағы фельдшер-акушер пункті күніне 40 адамды қабылдайды. Нысан биыл қазан айының басында қолданысқа біріліп, онда 12 маман жұмыс істейтін болады.

Серікбол Мерей, Шортанды ауданы құрылыс бөлімінің басшысы:

Бозайғыр ауыл округіне қарасты Күлшін аулында ФАП салынып жатыр. Құрылыс қазан айының басында аяқталады.  Оның 90 пайызы  республика, 10 пайызы облыс бюджетінен. Жалпы құны  194 миллион.

Аядай ауылға айнадай жарқыратып салып жатқан нысанның құрылысын уақтылы аяқтау үшін мердігер компания күндіз-түні жұмыс істеуде. Қазір ішкі әрлеу мен абаттандыруы ғана қалған. 

Нұрсұлтан Алтаев, мердігер: 

Екі ауысыммен жұмыс істеп жатыр. Күндіз 7, түнде 5 жұмысшы. 10 қазанға дейін тапсырамыз. 90 пайыз жұмыс істелді. Бір апта, он күнде бітіреміз.

Новакубанка ауылында 3500 адамға қызмет көрсететін амбулаторияның құрлысы да аяқталуға жақын. Бұған осы ауыл округіне қарайтын бес ауылдың халқы келе алады. Нысанның құрылысы желтоқсан айында аяқталып, онда 24 маман жұмыс істейді деп жоспарлануда.

Рахат Марданұлы, Новакубанка ауыл округының әкімі:

Биыл амбулатория салынып жатыр. Жалпы шаршы алаңы 450 шаршы метр, құны 331 миллион теңге. Бес ауылға қызмет көрсетеді. Жан-жағы 25 км құрайды. Соның ішінде Раевка, Гуляй поле, Егемен, Мықтыкөл, Новакубанка, Алтай ауылдары бар. 

Ауыл халқы енді аудан орталығы мен алыс жатқан қалаға сабылмай, жақын жерден емделе алады. Бұл жергілікті тұрғындар үшін қуанышты жаңалық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде