{metadescription}
Ақтөбеде ағзасын сатпақшы болған 35 жастағы тұрғын ұсталды
Ақтөбеде ағзасын сатпақшы болған 35 жастағы тұрғын ұсталды

Ақтөбеде ағзасын сатпақшы болған 35 жастағы тұрғын ұсталды

Ақтөбеде ағзасын сатпақшы болған 35 жастағы тұрғын ұсталды. Ол өз бүйрегін 9 миллион теңгеге бағалапты.

Күдікті әлеуметтік желіге «бүйрегімді сатамын» деген хабарлама таратқан. Ерекше жарнаманы прокуратура өкілдері байқаған. Желі қолданушының әзілі, не ойыны екенін анықтау үшін сатып алушы ретінде сөйлеседі. 35 жастағы тұрғын 9 миллион қолма-қол ақшаға бүйрегін кесіп беруге әзір екенін айтады. Осылайша ол ұсталып, қазір тергеліп жатыр. Ағзасын сатуға не түрткі болғанын әзір ешкім ашып айтпады.

Әнуар Абдулбақытов, Ақтөбе облысы прокуратурасының басқарма прокуроры:

Жедел іздестіру іс-шарасы аясында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері өз ағзасын ларын 9 млн теңгеге заңсыз мәміле жасау арқылы сатпақшы болған Е. есімді азаматты ұстады. ҚР ҚК 116-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде