{metadescription}
Оңтүстік Қазақстан университетінің басшысы Нұрманбетов пара алды деген күдікке ілінді
Оңтүстік Қазақстан университетінің басшысы Нұрманбетов пара алды деген күдікке ілінді

Оңтүстік Қазақстан университетінің басшысы Нұрманбетов пара алды деген күдікке ілінді

Шымкенттегі ең іргелі оқу орнының ректоры қамауға алынды. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басшысы Қайрат Нұрманбетов 28 жарым миллион теңге пара алды деген күдікке ілігіп отыр.

Қайрат Нұрманбетов бұл оқу ордасына тоғыз ай бұрын ғана басшы болып тағайындалған. Келе сала, оқу ордасындағы жиһаздар мен оқу құралдарын жаңартпақшы болыпты. Тіпті соған тендер жариялап, ұтып алған компания өкілінен 28 миллион теңге пара алды деген айып тағылуда.

53 жастағы ректормен бірге оның орынбасары және пара берген кәсіпкерге де ұсталып, олар үйқамаққа жіберілді. Бұл қылмыстық істің бүге-шігесін тергеушілер әзірге құпия ұстап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде