{metadescription}
Жуалы ауданында мейрамханадан өрт шығып, 250 адам эвакуацияланды
Жуалы ауданында мейрамханадан өрт шығып, 250 адам эвакуацияланды

Жуалы ауданында мейрамханадан өрт шығып, 250 адам эвакуацияланды

Жамбыл облысында мейрамханадан өрт шығып, 250 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Оқиға кеше кешкі тоғыз шамасында Жуалы ауданында болған.

Алдымен екі қабатты мейрамхананың шатыры жанып, қызыл жалын ғимараттың екінші қабатын да шарпыған. Тілсіз жау лезде 400 шаршы метр жерге таралып, бір сағаттан астам уақытта толық сөндірілген.

Құтқаруға 60-а жуық қызметкер мен 12 арнайы техника тартылды. Абырой болғанда адамдар аман. Мейрамхананың төрт қызметкері медициналық көмекке жүгініп, біреуі жеңіл жарақатпен ауруханаға жатқызылды. 

Жақсылық Бекбергенов, Жамбыл облысы ТЖД, өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметі бастығының орынбасары:

23 сағат 34 минутта өрт толық сөндірілді. Аумағы 400 шаршы метрді құрады. Төрт адам ауруханаға жеткізілді. Бәрі аман. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде