Тасқын: Атырауда шаруалардың шығыны толық төленетін болды
Атырауда тасқыннан зардап шеккен шаруалардың шығыны толық төленетін болды. Өтемақыны бес ай күтіп шыдамы таусылған шаруалар бұған дейін әкімдік алдында шу шығарған еді. Сол кезде жауаптылар бұйрыққа өзгеріс енгізу керек деп ақталған. Енді ол да шешімін тауып, шаруалардың дүние-мүлікіне өтемақы төленетін болды.
Автор: Жанат Молдашова
30.09.2024
Әзірге тасқын шайған шаруашылық нысандардың шығыны бір миллиард теңгеге бағаланды. Бұл қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді. Мәселен, Атырау қаласындағы шаруаларға — 328 млн, Махамбет ауданы — 738 млн, Жылыой ауданына — 43 млн. теңге қаржы қарастырылған. Бұл ақша қазан айының соңына тейін түгел төленеді дейді ауыл шаруашылығы басқармасы. Ал жылжымайтын мүлік шығынымен кәсіпкерлік басқарма айналысады.
Амангелді Саламатов, Атырау облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:
— Бұрын ауыл шаруашылығы мақсатында салынған үй мен басқа да коммерциялық мақсатта салынған ғимаратқа өтемақы қарастырылмаған. Соңғы өзгерістерге байланысты ол қаралды. Қазір кәсіпкерлік басқарма арқылы аудандардан өтініш жинап жатыр. Мұнымен тікелей кәсіпкерлік басқарма айналысады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!