{metadescription}
Аймақтарда тұрғындардан ірі көлемде ақша бопсалап келгендер ұсталды
Аймақтарда тұрғындардан ірі көлемде ақша бопсалап келгендер ұсталды

Аймақтарда тұрғындардан ірі көлемде ақша бопсалап келгендер ұсталды

Еліміздің үш бірдей облысында адамдардан ірі көлемде ақша бопсалап келгендер құрықталды. Ұсталғандар ұзақ уақыт бойы аймақтың тұрмыс-тіршілігін зерттеп, соған сәйкес теңге өндірудің құйтырқы сан әдісін меңгеріпті.

Шымкентте қолға түскен қос қылмыскер жергілікті тұрғындардан «жұмысқа тұрғызамыз» деген желеумен 1 миллион теңгеден алып, кейіннен құзырлы органдарға шағымданған жағдайда жеке басқа қатысты мәліметті жайып саламыз деп қорқытқан. Зәре-құты қашқан азаматтар ақшаны да даулауға дәті бармаған.

Ақтөбеде оңай ақшаға кенелгісі келген пысықайлар белгісіз ғимараттың жертөлесінде жәбірленушілерге моральдық және денесіне де қысым жасап, 8 миллион теңге бопсалаған. Әуел баста қылмыскерлер азаматтарды «көлік алып береміз» деп құрығына түсірген.

Бүгінде бопсалау фактілерін анықтау және оның алдын алу жалғасып жатыр деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.

Қуандық Алпыс, ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы:

Бопсалаушылардың қылмыстық тобын анықтау және ұстау жалғасып жатытр. Соңғы үш күнде қылмыстық топтың жұмысы тоқтатылды. Орал қаласында ұйымдасқан қылмыста, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде көрсетіп, зорлық-зомбылықпен оқу орындарының бірінің студентінен 500 мың теңге бопсалаған жергілікті жастар тобын ұстады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде