{metadescription}
Астана: Дәмханада газ баллоны жарылып, алты адам зардап шекті
Астана: Дәмханада газ баллоны жарылып, алты адам зардап шекті

Астана: Дәмханада газ баллоны жарылып, алты адам зардап шекті

Астанада дәмханада газ баллоны жарылып, алты адам зардап шекті. Барлығы ас үйдің қызметкерлері. Ал жойқын жарылыстан екі қабатты ғимараттың шаңырағы ортасына түскен.

Владимир Михайлов,оқиға куәгері:

Пеш жөндеп жатқанбыз, гүрс ете түсті. Жарылыс қатты болды. Шошып кеткенім сонша, отыра қалдым. Алғашқыда не болғанын түсінбедім. Қасымдағылар тұра жүгірді.

Оқиға сенбі күні төрт шамасында болды. Гүрс етіп газ баллоны жарылғаннан кейін өрт тұтанған. Осы кезде дәмханаға тамақтануға келгендер де болыпты. Әйтеуір ас ішіп отырғандар сыртқа шығып үлгерген. Бірақ ондағы алты қызметкер зардап шекті. Ғимаратқа да айтарлықтай зақым келген. Дәмханадан өрт сөндірушілер 50 литрлік төрт газ баллонын сыртқа шығарды.

Айжан Ақай, Астана денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

Біреуі түрлі дәрежедегі бет пен термия күйігі, қатты ауырсынып есін жинай алмай түсті. Шокқа қарсы терапия жасалып, емдеп жатырмыз. Жағдайы қазір тұрақты. Ал қалғаны күйікпен түсті. Амбулаторияға жолданады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде