{metadescription}
Балқаш экобелсенділері: Полигонға қоқыс төгетіндерге айыппұл салу керек
Балқаш экобелсенділері: Полигонға қоқыс төгетіндерге айыппұл салу керек

Балқаш экобелсенділері: Полигонға қоқыс төгетіндерге айыппұл салу керек

Балқаш қаласының экобелсенділері көрінген жерге қоқыс төгетіндермен күресіп шаршадық дейді. Полигонға ақша төлеуден қашатындар қала маңын ластап жатыр екен. Сондықтан олар қоршаған ортаны ластағандарға жазаны күшейту керек деп отыр.

Белсенділер осындай жерлерге келіп, күл‑қоқысты қолымен ақтарады екен. Себебі қоқыстан оның қожайыны туралы ақпарат табуға болады. Мәселен, пластик орындықтар қаланың спорт бөліміне тиесілі болып шықты, мердігері табылып, жазаланыпты. Кәсіпкерлер мен ірі өндіріс орындарына тиесілі қоқыс та анықталған. Алайда кімдікі екені белгісіз күл-қоқыс та жетіп артылады. Қала бюджетінен қаржы бөлініп тазаланады. Ал полигонға апарып шығындалғысы келмегендер көзден таса жерге төгуін қоймай келеді дейді. Оларды ұстағаннның өзінде алғашында ескерту беріледі. Мұнайда жауапкершілікті сезінуі екіталай. Сондықтан бірден айыппұл салыну керек деп санайды белсенділер.

Анар Абамбекова, экобелсенді:

Қалтасына салмақ түспесе, түсінігі кірмейді. Ескерту алады. Екінші рет ұсталып қалмауға тырысады. Олардың қайсыбірін аңдып жүреміз. Бірден ірі көлемді айппұл арқаласын. Бұл бағытта арнайы хат жазып, құзырлы органдарға жолдадық. Мәжіліс депуттарымен кездесуде айттық. Қалының маңы мен жағажай үнемі қоқысқа толып жатады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде