{metadescription}
Ақтөбеде тұрғындар гараждарын сүргізуге қарсы шығып жатыр
Ақтөбеде тұрғындар гараждарын сүргізуге қарсы шығып жатыр

Ақтөбеде тұрғындар гараждарын сүргізуге қарсы шығып жатыр

Ақтөбеде тұрғындар гараж сүргізуге қарсы шығып жатыр. Осыдан бірер күн бұрын әкімдіктегілер көлікке арналған алпыс тұрақтың мемлекет меншігіне өтетінін хабарлаған. Себебі гараждардың орнына жол салынбақшы.

Рүстем Хамзин:

Талап гаражға тиіспей. Егер жол түсетін болса, онда жолдың сыртына, шетінен немесе бір жақ шетінен салу. Қазақстанда жер көп. Нарық құнымен өтемақы береміз деді, бірақ оған ешкім келіспей жатыр.

Алпыс гаражды сүруге қатысты есекерту алғалы бері осында күнде жиын. Қаланың орталығындағы бұл гараж кооперативі өткен ғасырдың сексенінші жылдары құрылған. Көп қабатты үйлерде тұратындар осында тұрмыс заттарын сақтап, көлігін оңдайды. Енді оны мемлекет меншігіне бергісі жоқ.

Соңғы сегіз жылда екі рет қабылданған қаланың бас жоспарында дәл осы гараж кооперативінің үстінен жол салу қарастырылған. Әкімдіктегілер осылайша қаладағы кептелісті азайтпақшы. Сондықтан тұрғындарды ескертіп, келіспегенімен сотта кездесеміз дейді.

Жәнібек Қабылов, Ақтөбе жер қатынастары бөлімінің басшысы:

Ол жерде мемлекет мұқтажына, ортақ қолданыстағы автомобиль жолдары үшін жер қайтаруға жатады деп ескерту берді. Ол үш ай мерзімінде келісімге келмеген жағдайда, нарық бағасымен келіспеген жағдайда, тек сот арқылы шешіледі. Мәжбүрлі түрде ол жерді заңсыз ешкім алып кетпейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде