{metadescription}
Сарапшылар: Атом энергетикасы — қуат сұранысын шешетін тұрақты, таза энергия көзі
Сарапшылар: Атом энергетикасы — қуат сұранысын шешетін тұрақты, таза энергия көзі

Сарапшылар: Атом энергетикасы — қуат сұранысын шешетін тұрақты, таза энергия көзі

«Бейбіт атомды қолданудың артықшылықтары». Елордада атом энергетикасы саласының сарапшылары, жас ғалымдар мен белсенді жастар осы тақырып төңірегінде ойын ортаға салды. «Қазақстандық атом электр станциялары» ұйымдастырған пікірталас ядролық технологиядағы соңғы жетістіктер мен даму перспективасы туралы білім алмасу алаңына айналды.

Сарапшылар қуат көзіне деген сұраныстың күн санап артып жатқанын айтып, мәселені шешуде ең тұрақты және экологиялық таза бірден-бір энергия көзі атом энергетикасы деп отыр. Ал бұл салада Қазақстанның үлкен ғылыми және кадрлық әлеуеті бар деп сенеді. Мысалы, Ұлттық ядролық орталық пен кәсіби ортада көпке таныс Ядролық физика институты бұл күндері табысты еңбек етіп жүр. Айта кетейік, оның айналасында ғылыми зертханалар мен зерттеу орталықтары шоғырланған. Атом саласына төрт жоғары оқу орны мамандарды дайындауда.

2010 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы аясында оқыған жастар қатары да біршама артқан. Сондықтан АЭС құрылысының әсері энергетикада ғана емес, сондай-ақ жұмыспен қамтуда және елімізге инвестиция тартуда сезілетін болады деп отыр сарапшылар.

Асуан Сиябеков, «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС жетекші инженері:

Өйткені атом электр станциялары жасыл энергия көзіне жатады. Жасыл энергия көзіне бізде жер мен күн станциялары жатады. Қазақстанда өте жақсы жағдай жасалған, бұл генерация көздерін дамыту бойынша. Яғни егер жасыл энергия көзі ретінде қарастырып, АЭС дәл сондай преференция қолданатын болсақ, әрине, АЭС шығатын тариф көлемі аз мөлшерде болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде