{metadescription}
Бурабай ауданында жаңа жылу қазандықтары салынып, ескісі жөнделіп жатыр
Бурабай ауданында жаңа жылу қазандықтары салынып, ескісі жөнделіп жатыр

Бурабай ауданында жаңа жылу қазандықтары салынып, ескісі жөнделіп жатыр

Ақмола облысында қысқа дайындық қарқынды жүріп жатыр. Бурабай ауданындағы бірнеше елді мекенде жаңа жылу қазандықтары салынып жатыр. Ал, ескілері күрделі жөндеуден өткізілуде. Оған бюджеттен 800 миллион теңгеден астам ақша бөлініпті.

«Қыстың қамын, жаз ойла» деген тәмсілді қаперінде ұстаған Бурабай мен Оқжетпес елді мекендері биыл қаһарлы қысқа толықтай дайын. Жылу қазандықтарына күрделі жөндеу жасауға облыс бюджетінен 389 миллион теңгеден астам қаражат бөлінсе, аудан бюджетінен 480 миллион теңге қарастырылған. 

Асхат Ильдебаев «Жаңа тұрмыс-2020» ЖШС басшысы:

2024-2025 жылғы жылыту маусымына «Жаңа тұрмыс» мекемесі бірқатар қазандыққа күрделі жөндеу жасады. Бурабай елді мекенінің қазандығының қосалқы бөлшектері ауыстырылды. Сондай-ақ үш жаңа қазандық қойылып, қуаттылығы екі есе артты. Зеленобор қазандығында электр жүйесі мен жанар жағармай қоры тексерілді. 

Бурабайдағы үш жылу қазандығының әзірге біреуі іске қосылмақ. Ал күн суытып, қыс түскен мезгілде қалған екеуі жұмыс істей бастайды. Осылайша ауыл тұрғындарын алты ай қыстан жауратпай алып шығамыз дейді мамандар. 

Темірлан Асхапов, Бурабай қазандығының бөлімше басшысы:

2016 жылдан бастап Бурабай жылу қазандығында жұмыс істеп жатырмын. Ертең бір қазандықты жұмысқа қосамыз. Қалған екеуін күн суығанда артынан қоса жатармыз. Дайын отырмыз. 

Бес жарым мыңнан астам тұрғыны бар қос елді мекен бұған дейін бір қазандықтан жылытылған. Сол себепті қыс мезгілінде тұрғын үйлер салқын болатын. Биыл Оқжетпес елді мекеніне жеке жылу қазандығы салынып, онда 15 адам жұмыс істейтін болады. 

Серікбол Хасенов, «Жаңа тұрмыс-2020» ЖШС басшысының орынбасары:

Біз Оқжетпес елді мекенінің жаңа жылу қазандығында тұрмыз. Бұрын бұл ауыл Бурабай елді мекенінен жылу алатын. Бір қазандықтың екі ауылды жылытуға шамасы жетпеген кез болды. Биыл біз жаңа жылу қазандығын іске қостық. Бұл оның жұмыс істейтін алғашқы жылы болмақ.

Сақылдаған сары аязға сақадай-сай отырған мамандар енді ауыл тұрғындарынан ешқандай арыз-шағым түспейді дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде