{metadescription}
Каspi.kz алматылықтарға ұмытылмастай күн сыйлады
Каspi.kz алматылықтарға ұмытылмастай күн сыйлады

Каspi.kz алматылықтарға ұмытылмастай күн сыйлады

Алматыда Орталық Азиядағы ең ауқымды марафон өтті. Биыл 13-інші рет ұйымдастырылған спорт шарасына 16 мыңға жуық адам қатысты. Ұзақ қашықтыққа жүгіруден жарысқа 50-ден астам елден әуесқой және кәсіпқой спортшылар да бақ сынады. Қала тұрғындары мен қонақтарына ұмытылмастай күн сыйлаған бұқаралық жарыстың титулды демеушісі — Каspi.kz.

Таңмен таласа тұрып Республика алаңына жиналған қатысушылардың қарасы көп. Бәрінің көңіл-күйі көтеріңкі. Олар 10, 21 және 42 шақырым қашықтықты бағындыруға келген. Ал естен кетпес әсер сыйлайтын марафонның басты серіктесі Kaspi.kz инновация компаниясы.

Уәлихан Тен, «Бірінші болу батылдығы» қамқоршылық кеңесінің мүшесі:

16 мың 500 спортшы және әлемнің 59 елінен келген спортшылар. Бұл үлкен қуаныш, керемет жетістік. Kaspi.kz осы шараның жылдар бойы титулды демеушісі болып келеді. Қатысушылар қаланың басты көрікті жерлерімен, Республика алаңынан бастап, Іле Алатауы тауы көрінетін әл-Фараби даңғылымен жүгіреді.

Марафонның әрбір қатысушысы аламанға дайындықта түрлі әзірліктен өткен. Жүгіруге жаны құштар кейбірі жыл бойы жаттықса, енді бірі бар күшін мәреге дейін сақтауды үйреніпті. Ал Kaspi.kz командасы өздерінің көрсеткішіне дән риза.

Еркебұлан Сағынбаев, Kaspi.kz инновация компаниясы өніштер басқармасының қызметкері:

Біздің компания атынан 400-ге жуық жұмыскерлеріміз осы бүгінгі салауатты өмір салтын ары қарай дамытып, ары қарай уағыздауға шығып отыр. Жүгіргенде бес жасар баладан бастап, еңбектеген қарияға дейін қол шапалақтап, керемет қолдау көрсетіп жатыр.

Ауқымды шараның ашылу салтанатына Қазақстан паралимпиада құрамасының командасы, оның ішінде Париждегі 18-ші жазғы Паралимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері қатысты. Ал жарыста бақ сынауға келгендердің жасы әр түрлі.

Данияр Ақтанов:

Астанадан келдім. Марафонға бірінші рет қатысып тұрмын. Өте жақсы өтті. Нәтижием жақсы. Өзім-өзіме ризамын, рақмет сіздерге!

Аружан Қыдыр:

Бұндай деңгейді күтпедім. Kaspi.kz осы іс-шараны ұйымдастыруда көп үлес қосқаны көрініп тұр. Кішкене детальдарға дейін, барлығын егжей-тегжей ұйымдастырыпты.

Дәстүр бойынша қатысушылар классикалық марафон, жартылай марафон, 10 шақырымға жүгіру және экиден командалық эстафетадан бағын сынады. Сондай-ақ қос таяқпен скандинавиялық жүрістен жолға шыққандар да бар. Барлығы бас серіктес компанияға алғыс жаудырды.

Абылайхан Қалжан:

10 км жүгірдім. Марафон өте жоғары деңгейде, өте жақсы өтті. Оныншы рет қатысып жатырмын. Kaspi бізге әрдайым көмектеседі. Kaspi әрдайым жоғары деңгейде.

Баршын Мошан:

 Kaspi.kz-ке әрдайым алғысымыз шексіз. Мен таңқалып тұрмын. Өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Тек қазақстандықтар емес, шетелдіктердің де қатысып жатқаны қуантады. Бұл дегеніңіз, адамдардың салауатты өмір салтына деген басымдық беруі.

Жарыс соңында қатысушыларға естелік медальдар мен үздік нәтиже көрсеткендерге ақшалай сыйлық табысталды.

Айта кетейік, «Алматы марафоны» салауатты өмір салтын насихаттаудан бөлек қайырымдылық мақсатты да көздейді. Шара басталған уақыттан бері балаларды сауықтыру мен спортты қолдауға қатысты 30-дан астам ірі жоба жүзеге асырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде