{metadescription}
Қостанайда жоғалған балықшыны іздеуге дрондар қосылды
Қостанайда жоғалған балықшыны іздеуге дрондар қосылды

Қостанайда жоғалған балықшыны іздеуге дрондар қосылды

Қостанайда үш күннен бері балыққа барып із-түзсіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр. Оның көлігі мен жеке заттары Тобыл өзенінің жағасынан табылған. Ал балықшының өзі ізім-ғайым жоқ.

Іздестіруге полиция мен төтенше жағдайлар қызметі және жергілікті тұрғындар тартылған. Арасында «10-регион» деген еріктілер жасағы да бар. Олар 57 жастағы балықшы баруы мүмкін деген жерлерді түгел сүзіп шығуда. Іздеуге арнайы жүзу құралдары мен әуеден бақылайтын дрондар да қосылды.

Алдияр Әсемболатов, Лисаков ауданы ТЖБ аға инженері:

Іздестіру Лисаков және Бейімбет Майлин аудандарында жүріп жатыр. Су астындағы 2500 шаршы метр жерді де сүзіп шықтық. Су бойымен бес шақырымды жіті тексеріп шықтық. Әзірге еш нәтиже жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде