{metadescription}
Теміржол билеті 20 пайызға қымбаттады
Теміржол билеті 20 пайызға қымбаттады

Теміржол билеті 20 пайызға қымбаттады

Бүгіннен бастап пойызбен қатынау қымбатқа соғады. Жолаушылар тасымалының жаңа тарифіне сәйкес, теміржол билетінің бағасы бірден 20 пайызға артты. Еселенген ақы қазан айынан басталатын сапарға жолаушылардан 45 күн бұрын-ақ алына бастапты.

Нариман Дюсекеев, «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз хатшысы:

Жаңа тариф 1 қазаннан бастап күшіне енді, ал билет пойыздың жөнелтілуіне 45 күн қалғанда қолжетімді болды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылардан сапарын жоспарлағанда жоғарыда көрсетілген ақпаратты ескеруді және жаңа тарифпен компанияның веб-сайтынан немесе теміржол вокзалдарындағы кассадан білуді сұрайды.

Бағаның көтерілуі көлік министрлігі субсидиялайтын әлеуметтік маңызы бар бағыттарға қатысты. Яғни бұл елде қатынайтын 144 бағыттың алпыс екісі.

Сонымен бір ғана мысал келтіре кетейік: жай пойызда купедегі бір орын 19 мың 653 теңге, ал "Тальгода" 160 теңгеге арзанырақ.

Жалпы билет құны жолдың ұзақтығы мен пойыздың санатына байланысты.

Бұл ретте жергілікті әкімдіктер субсидиялайтын облыс аумағында қатынайтын жүрдек пойыздар да бар. Ондағы билет құнын да әкімдік бекітеді. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылар пойызының сапасына қатысты халық тарапынан сын көбейе түсетінін ескерсе керек, кондиционері жоқ вагонға 20 пайызға дейін жеңілдік берілетінін айтып отыр.Ал билет бағасын көтеруден түскен пайда есебінен шойын жолдарды жөндеп, қызмет көрсету сапасын жақсартып және сала жұмысшыларының жалақысын көтермекші.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде