{metadescription}
Референдумға 30 мемлекет, 4 халықаралық ұйымның атынан байқаушылар келеді
Референдумға 30 мемлекет, 4 халықаралық ұйымның атынан байқаушылар келеді

Референдумға 30 мемлекет, 4 халықаралық ұйымның атынан байқаушылар келеді

АЭС құрылысына қатысты референдумға 30 мемлекет және 4 халықаралық ұйымның атынан байқаушылар келеді. Ол: ТМД, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Шанхай ынтымақтастық пен Түркі мемлекеттері ұйымдары. Референдум сайлаушылардың тең жартысынан көбі дауыс берген жағдайда ғана өтті деп есептеледі. Бұл межеге жетпесе, дауыс беру саналмайды.

Асылбек Смағұлов, Орталық референдум комиссиясының мүшесі:

Барлығы заңда көрсетілген. Референдум өтті деп санау үшін дауыс бергендер міндетті түрде 50 пайыздан асуы керек.

Қазақстанда өтетін референдумды бақылауға 177 байқаушы ресми тіркелген. Оның ішінде 30 шет мемлекеттен және 4 халықаралық ұйымның өкілдері бар деп отыр Орталық референдум комиссиясы.

6 қазанда еліміздің 84 сайлау учаскесі сағат таңғы алтыдан бастап ашылады. Бұл жергілікті халықтың жұмыс кестесіне байланысты қабылданған шешім.

Ел тарихындағы маңызды шараны шартарапқа таратуға шетелден 200-ге тарта журналист келеді. Шетелде жүрген қазақстандықтар да дауыс береді арнайы сайлау учаскелері жасақталған.

Мұхтар Ерман, Орталық референдум комиссиясының хатшысы:

Қазақстан аумағынан тыс жерде жүрген азаматтарымыз да дауыс бере алады. Ол үшін 62 мемлекетте 74 сайлау учаскесі жасақталды. Алайда бүгін сыртқы істер министрлігімен сөйлескенде Ливандағы сайлау учаскеміз 6 қазан күні жұмыс істемейтіні мәлім болды. Ол жақтағы саяси қақтығыс азаматтарымыздың өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде