{metadescription}
Халықаралық сарапшылар: Атом энергетикасын дамыту — азаматтардың ақшасын үнемдейді
Халықаралық сарапшылар: Атом энергетикасын дамыту — азаматтардың ақшасын үнемдейді

Халықаралық сарапшылар: Атом энергетикасын дамыту — азаматтардың ақшасын үнемдейді

Экологиялық жағынан таза әрі қымбат емес. Атом энергетикасын дамыту — азаматтардың қалтасына түсетін салмақты да азайтады, дейді халықаралық сарапшылар. Олар бұған нақты дәлел ретінде Германияны мысалға келтірді. Онда партиялардың бірі атом электр станциясының жабылуын талап етіп, соңы электр қуатының қымбаттауына әкеліп соққан.

Ричард Оллингтон, Radiant energy group халықаралық консалтинг агенттігінің басқарушы серіктесі:

Жалпы энергияның адамдардың әл-ауқаты мен ел экономикасына маңызы аса зор. «Жасылдар» партиясының Германияда электр қуатын үнемдеуді талап етуі сайып келгенде, ол адамдардың қажеті мен тілегіне қайшы келді. Германиядағы электр энергиясының құны Еуропадағы ең жоғары тарифтер қатарына кіреді. Олар мұндай қолайсыздықты өз үйінде және жұмысында сезінеді. Көптеген өнеркәсіп кәсіпорындар Германиядан жаппай кетіп жатыр.

Сарапшының айтуынша, сол зауыт, өнеркәсіп орындарының электр энергиясы әлдеқайда арзан елдерде ашылу да содан. Ал Германияның ядролық энергиядан бас тарту туралы шешімі тұтынушыларға бағаның жоғарылауына әкеп соғып, жаңа өндіріс пен жұмыс орындарын құруға, әсте, кедергісін келтірмей қоймады. Бұл ретте Қазақстанның әлеуеті зор саналады. Мемлекетіміз алпауыт зауыт пен фабрикаларды ашып, тартымды алаңға айналу үшін әуелі электр қуаты жеткілікті әрі тиімді бағада болуға тиіс. Мамандар атом электр станциясының құрылысы сол тиісті шарттарды түбегейлі қамтамасыз ететініне сенім білдіріп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде