{metadescription}
Алматы: Бозбалалардың бірінші легі әскери борышын өтеуге аттанды
Алматы: Бозбалалардың бірінші легі әскери борышын өтеуге аттанды

Алматы: Бозбалалардың бірінші легі әскери борышын өтеуге аттанды

Алматылық бозбалалардың алғашқы легі Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Күзгі науқанмен әскерге шақыртылған 65 жігіт енді қаладағы десант-шабуылдау сапында қызмет етпек.

Талғат Өзехан, Алматы қаласы, Қорғаныс істері департаментінің бастығы:

Бүгін қарулы күштерді жас сарбазбен жасақтау науқанының бірінші командасы кетіп жатыр. Олар десант-шабуылдаушы әскерлердің қатарын толтырады. Сарбаздарымызды салтанатты түрде шығарып саламыз. 65 адам Алматыдағы десант-шабуылдаушы бригадасында бір жыл қызмет атқарады.

Бозбалаларды шығарып салу салтанатына олардың туған-туысы мен Қарулы күштердің ардагерлері, Алматы гарнизонының әскери қызметшілері келген. Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас Ұлан» республикалық әскери мектебі мен Әскери-техникалық училищенің оқушылары да қатысты. Шарада жас сарбаздарға сыйлық үлестіріліп, концерт ұйымдастырылды.

Жалпы осы күзгі науқанда Алматыдан әлі мың жарымдай жас сарбаз түрлі әскери құрылымда әскери борышын өтуге аттануы тиіс.

Ердос Қазенов:

Төртінші курс студентімін. Бір жылға академиялық демалыс алып, әскерге қызмет етуге бара жатырмын. Қорқыныш жоқ. Үйдегілерім қолдап отыр. Әскерге барып, өз борышымды өтеп келіп, ары қарай қызметімді атқарамын. Өзімді басқа қырымнан көрсетіп, дамытқым келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде