{metadescription}
Астанада көпқабатты үйдің шатырында жүрген оқушылар үйіне жеткізілді
Астанада көпқабатты үйдің шатырында жүрген оқушылар үйіне жеткізілді

Астанада көпқабатты үйдің шатырында жүрген оқушылар үйіне жеткізілді

Елордада көпқабатты үйлердің шатырына шығуға мүмкіндік беретін есіктер құлыпталып жатыр. Полиция департаменті мұндай шараға жетінші сынып оқушыларының 16 қабатты үйдің төбесінде емін-еркін жүрген соң көшті. Жасөспірімдердің «Мирас» тұрғын-үй кешенінің шатырында ойнап жүргенін тұрғындар ұялы телефонға түсіріп, жасөспірімдер интернетте белең алған ойын тапсырмаларын орындау үшін биік қабатқа көтерілуі мүмкін деп полиция шақыртқан.

Аружан Бектасова Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің инспекторы

Жасөспірімдердің өкілдері жауапқа тартылды. Болашақта мұндай жағдайдың алдын алу үшін тұрғын үй кешендерінің шатырын жабу шарасы қолданады. Полиция ата-аналарды баласының қауіпсіздігіне мұқият болып, интернет желісіндегі қауіпті әрекеттерге баруы мүмкін жағдайларды қадағалауға шақырады.

Виртуал ойын ойнап жүріп от басқандардың мәселесі Төменгі палатада да көтерілді. Мәжілісмен Жұлдыз Сүлейменова өз сауалында әлеуметтік желіде қауіпті, суицидке итермелейтін ойындармен күресте әлсіздік танытып жатқанымызды айтты. Бақылау қатаң болмаған соң, арам пиғылды ойындар да еселеп артуда. Сондықтан депутат құзырлы органдардың жастарымызды зиянды контенттен қорғау тетіктерін күшейтуді қолға алу керек екенін еске салды.

Жұлдыз Сүлейменова, Мәжіліс депутаты:

Қауіпті контентті анықтау және қадағалау үшін автоматтандырылған жүйелерді енгізу қажет. Балаға зиян контентті атвоматты түрде анықтай алатын және бұғаттай алатын аңа технологиялық шешімдер әзірленіп қолданылуы шарт. Мұндай жүйе интернеттегі қауіпті материалдарды жедел бақылап, оны бірден жою механизмін қамтамасыз етуі шарт. Әлеуметік желілелер мен мессенджерлерде осы заңнама міндетінің орындалуын талап ететін уақыт жетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде