{metadescription}
Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты рейс бағыттары өзгертіліп жатыр
Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты рейс бағыттары өзгертіліп жатыр

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты рейс бағыттары өзгертіліп жатыр

Қазақстандық әуе компаниялары Таяу шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты рейсетрдің бағыттарын өзгертіп жатыр. Air Astana компаниясы енді Иранның әуе кеңістігімен ұшпайтын болды. Осылайша Біріккен Араб Әмірлігі, Қатар сияқты елдерге ұшу уақыты біршама ұзарған. Ал Израиль, Иран мен Ливан мемлекеттерінде қазір 300-ден аса отандастарымыз бар қазір. Ал Сыртқы істер министрлігі оларды эвакуациялаудың жолдарын қарастыруда. Күллі әлем назар тіккен жағдайға қатысты ведомство өкілі барлық қатысушы тараптарды сабырлылық танытып, бейбіт тұрғындардың қазасы мен өңірде кең ауқымды соғысқа ұласуы ықтимал жағдайдың одан әрі нашарлауына жол бермеу үшін күш қолданудан бас тартуға шақырды.

Бұйрық берілді. Иран шабуылға көшіп, Израиль аумағына жүздеген зымыран жіберді. Таяу Шығыстағы текетірес осылайша одан әрі ушыға түсті. Израиль билігі зымыранның басым бөлігін «жерге жеткізбей, көкте қағып түсірдік» дегенімен, нысанға тигені де аз емес. Ислам республикасының дерегінше, жойқын соққыдан кейін Израиль әуебазалары мен радиолокациялық станциялары жойылған. Иран билігі бұл әрекетін Хамас пен Хезболла ұйымдарының жетекшілерінің қазасы үшін кек қайтару деп атады.

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

Иран үлкен қателік жасады, енді осыған жауап береді. Иран режимі біздің өзімізді қорғауға деген, жауларымызға жауап беруге келгендегі тегеурінімізді түсінбей отыр.

Өткен түндегі Иранның шабуылын «қарапайым халыққа қастандық» деп бағалаған Израиль билігі жуық арада кері соққы қайтаратынын мәлімдеді. Жойқын шабуылмен Ислам республикасындағы мұнай өндіретін, стартегиялық маңызы бар нысандарды жоюды көздепті.

Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуіне байланысты Иран мен Израильдің әуе кеңістігі арқылы өтетін рейстер тоқтатылып, бағыты өзгертілді. Соның салдарынан отандастарымыз елге жете алмай отыр.

Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін отандық әуекомпаниялар Иранды айналып өтетінін жеткізді. Air Astana Алматы мен Астанадан Дубайға қарай ұшатын рейстердің бағытын өзгерткен. Енді Ислам республикасының әуе кеңістігіне кірмейтін болған соң, ұшу уақыты да ұзағырақ.

Ләззат Стамғазиева, ҚР Көлік министрлігінің ресми өкілі:

Қазақстандық компанияларға Иранның әуе кеңістігін айналып өтуге кеңес берілді. Қазір баламалы бағыттарды қолдану керек. Ұшу уақыты сәл ұзартылады. Оған түсіністікпен қарауға шақырамыз. Себебі, бұл жолаушылардың қауіпсіздігін қамту үшін қолға алынған шара.

Қақтығыс алаңына айналған Израильде 120, Иранда 102, Ливанда 139 қазақстандық консулдық есепте тұр. Бүгін сыртқы істер министрілігі үш елде де қаза тапқан немесе зардап шеккендердің жоқ екенін мәлімдеді.

Айбек Смадиаров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

Биыл 1 қазанға дейін Ливандағы жүзден астам шетел елшілігінің ешқайсы өз азаматтарын эвакуациялаған жоқ. Бұл тұрғыда Ливанның билігі тарапынан да тиісті нұсқама болған жоқ. Сондықтан біздің азаматтарды эвакуациялау мәселесі әзірге пысықталуда. Министрліктің ерекше бақылауында. Біз отандастарымызды қиын жағдайда қалдырмаймыз.

Ал Ішкі істер министрлігі Израильдің Қазақстандағы елшілігі мен синагогалардың бақылауда екенін жеткізді. Тәртіп сақшылары камералар арқылы да аумақты жіті тексеруде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде