{metadescription}
Ұрлық, бопсалау, өлтіруге әрекет. Ұлытау облысында бірнеше қылмыстық топ ұсталды
Ұрлық, бопсалау, өлтіруге әрекет. Ұлытау облысында бірнеше қылмыстық топ ұсталды

Ұрлық, бопсалау, өлтіруге әрекет. Ұлытау облысында бірнеше қылмыстық топ ұсталды

Ұлытау облысында бірнеше қылмыстық топ құрықталды. Олар «Қазақмыс» корпорациясы өндірісінен құнды металл ұрлаумен және кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан. Тіпті адам өлтіруге де әрекет еткен.

Күдіктілер өндіріс орнынан құны 6 жарым миллион теңгеге бағаланған құнды метелл шығарып бара жатқанда ұсталды. Біразы аталмыш мекеменің жұмыскерлері болып шықты.

Тағы бір қылмыстық топ кәсіпкерді қамап қойып ұрып-соғып, 20 миллион теңге талап еткен. Олар да қылмыс үстінде ұсталды. Бұл шараға, Ұлытау облысына, ішкі істер минситрлігінен арнайы топ келген. Полицейлер олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ ҰҚК департаментінің басқарма бастығы:

Көрсетілген фактілер бойынша барлығы 17 адам ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. Жиырмадан астам тінту шарасы өткізілді. Нәтижесінде бес атыс қаруы, оқ-дәрі, пышақтар және экстремистік сипаттағы діни әдебиеттер тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде