{metadescription}
Шетелде 900 қазақстандық жазасын өтеп жатыр
Елінен жырақта жүріп, абақтыдан бір-ақ шыққан 900 қазақстандық бар екен. Бас прокуратура көбіне шетелде жүріп қылмыс әлеміне бойлағандар есірткі саудасы үшін шатылып жатады деп отыр. Соңғы бес жылда 900 қылмыскердің 160-ы Қазақстанға экстрадицияланған.
Автор: Айжан Шамшидин
02.10.2024
Ғалымжан Қойгелдиев, ҚР Бас Прокурорының орынбасары:
— Өкінішке қарай, біздің 900 азамат жазасын шетелде өтеп жатыр. Соңғы бес жылда 160 азаматымызды, биыл 24 азаматымызды елге қайтардық. Үшеуін елге қайтарудан бас тарттық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары
загрузка...