{metadescription}
Шенділердің өз міндетінен бөлек айналысуына рұқсат кәсіптер жарияланады
Шенділердің өз міндетінен бөлек айналысуына рұқсат кәсіптер жарияланады

Шенділердің өз міндетінен бөлек айналысуына рұқсат кәсіптер жарияланады

Енді министрлер де басыбайлы баспаналарын жалға беріп, қосымша табыс таба алады. Антикор бүгін заң тұрғысынан депутаттар мен үкімет мүшелерінің негізгі лауазым міндетінен бөлек айналысуына рұқсат етілген кәсіп түрлерін жария етті.

Су жаңа заң нормасын Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады. Мұнда шенеуніктердің қосымша теңге табу тетігі егжей-тегжей айтылған. Құжатқа сәйкес, министрлер кәсіппен айналыса алмайды, тек үйін жалға беруге мүмкіндік берілген. Басқа нормаларға қатысты ақпарат бүге-шігесіне дейін тарқатылмағандықтан, депутаттар өзара қырықпышақ болып дауласып қалды. Дегенмен антикор төрағасының орынбасары бұл заңның тек бірінші оқылымы, ал негізгі талқылау әлі алда екенін айтты.

Ұлан Сарқұлов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары:

Әзірге жалға бере алмайды. Бұл бірінші оқылым ғана. Бірақ заң жобасында мұндай норма бар. Мен бұдан ештеңе көріп тұрғаным жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде