{metadescription}
Білім беру саласы жемқорлық қылмыс бойынша бірінші орында тұр
Білім беру саласы жемқорлық қылмыс бойынша бірінші орында тұр

Білім беру саласы жемқорлық қылмыс бойынша бірінші орында тұр

Білім беру саласы жемқорлық қылмыс бойынша бірінші орында. Антикор мәліметінше, 2022-2023 жылдардың ішінде ғана парақор басшылар мен есепшілердің кесірінен мемлекетке 17 млрд теңге көлемінде залал келген.

Ұлан Сарқұлов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары:

Бұл қомақты қаражат. Мәселен, Талдықорған қаласында білім беру бөлімінің меңгерушісі, бас есепші, бірнеше  мектептің директорлары 4 млрд теңгеден аса  қаржы жымқырған. Олардың бірін тұтқындау кезінде көлігінен, шамамен 1 млрд теңге шықты. Мұндай былық басқа аймақтарда да анықталды.

Бірқатар былықты анықтаған антикор тиісті мемлекеттік органдармен, соның ішінде жауапты министрлік және әкімдіктермен қоян-қолтық жұмыс істеп жатыр. Соның нәтижесінде жемқорлық жайлаған салада барлық процесс цифрландырылатын болады. Бұл өз кезегінде адами фактордың алдын алып, жүйенің ашықтығын қамтамасыз етеді. Сарқұловтың айтуынша, қазірдің өзінде түрлі ақпарат жүйелері мен бағдарлама енгізіліп, ол біршама пайдасын тигізіп үлгерді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде