{metadescription}
Ақтөбе облысында су жаңа алты көлік жанып кетті
Ақтөбе облысында су жаңа алты көлік жанып кетті

Ақтөбе облысында су жаңа алты көлік жанып кетті

Ақтөбе облысында су жаңа алты көлік жанып кетті. Жүк көлігіне тиелген көліктер жол үстінде отқа оранған. Оқиға Қобда ауылы маңындағы трассада болды. 28 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі Шымкенттен Мәскеуге қарай шыққан екен. Алты жаңа машинаны көрші елге жеткізбек болған. Қозғалтқышынан тұтанған от лаулап жанып, тіркемедегі үш жеңіл көліктің түгін қалдырмады.

Жүргізуші мен жолай тоқтаған жүк көлігін тізгіндеген Қырғызстан елінің азаматымен бірге өртті өшірмек болады. Бірақ бетқаратпас жалыннан екеуінің беті-қолы күйіп қалған. Құтқарушылар жедел жетіп, тіркемедегі үш көлікті шығарып үлгерген.

Зарипа Аманжолова, Ақтөбе облысы ТЖД басқармасының аға инженері:

Өрт сөндірушілердің көмегімен үш жеңіл автокөлік өрттен құтқарылды. Өрт себебі сараптамадан кейін анықталады. Өздігінен өртті сөндірмек болған 1996 жылғы көлік жүргізушісі мен 1994 жылғы Қырғызстан азаматы күйік шалып, екеуі де ауруханаға жеткізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.