{metadescription}
Алматы облысы: Ескі жатақхананың іргетасы үгітіліп, сылағы опырылып түскен
Алматы облысы: Ескі жатақхананың іргетасы үгітіліп, сылағы опырылып түскен

Алматы облысы: Ескі жатақхананың іргетасы үгітіліп, сылағы опырылып түскен

Тозығы жеткен жатақхана. Алматы облысында екі қабатты үйдің тұрғындары баспаналары апатты жағдайда екенін айтып дабыл қағып отыр. Себебі, ескі жатақхананың іргетасы үгітіліп, сылағы опырылып түскен. Ал ішіндегі жағдай адам шошырлық дейді жұрт. Қабырғаларын көк басып, сасық иіс жайлаған. Басқа барар жері болмай, қуықтай бөлмені паналап отырған тұрғындар шенеуніктерден көмек сұрайды.

Тұрғызылғанына 60 жылдан асқан жатақхананың іргетасы үгітіліп, қабырғасы құлап жатыр. Тұрғындар бір күні үйінді астында қаламыз ба деп қорқады. Кезінде жылу электр орталығының жұмысшылары тұрған жатақхана кейін жекеменшікке өткізілген. Қазір мұнда айлығы-шайлығына жетпейтін отбасылар тұрады. Енді бірінің баласы науқас. Жұрт жатақхананың жыртығын жамаудан шаршаған. Нысан жөндеуге келмейді дейді олар.

Назгүл Құсайынова, Өтеген батыр ауыл округінің тұрғыны:

 – Тұрғындар жиналамыз, қыста жылу батареялары жарылады. Ақша жинасақ, жер тесіледі. О жерді жасасақ, мына жақтары тесіледі. Астының бәрі шіріп жатыр, құбырлары да шіріп жатыр.

Бүкіл коммуналдық жүйесі тозған. 50-ге тарта бөлмесі бар ғимараттың ас үйі де, дәретханасы да, жуынатын жері де жалпыға ортақ қабырғалары көгеріп, жағымсыз иіс басқан.

Мейірбек Әбдірасылов, Өтеген батыр ауыл округінің тұрғыны:

Бүкіл үйді ылғал жайлаған, адам тұрғысыз апатты жағдайда. Тұруға мүмкіндігіміз жоқ.

Жатақхананың қуықтай бөлмесін паналаған жұрт жанайқайын жергілікті шенеуніктерге жеткізуге тырысқан. Алайда әкімдік өкілдері «қолдан келер шара жоқ» деп отыр. Себебі: жекеменшік нысанға тұрғындардың өзі жауапты екен.

Мақсат Орынбасаров, Өтеген батыр ауыл округі әкімінің орынбасары:

Жатақхана әркімнің өз иелігінде, ортақ кондоминиум мүлігі. Қасбетін жөндеуге қаражат бөлініп жатқан жоқ. Дегенмен оны бір түске келтіру үшін тек бояп береді. Аудандық мәслихатпен шешім қабылдап. Үйлердің түрі бір түс болуы үшін. Ақша бөлуге ауданның тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімі құқылы, бірақ бүгінде ақша бөлінген жоқ.

Әкімнің орынбасары тұрғындардың өзі жатақханаға сараптама жасатсын деп кеңес берді. Егер соның қорытындысы бойынша үй апатты деп танылса, іс әрі қарай жылжи бастайды дейді. Алайда тұрғындар сараптама құнын қалтамыз көтермейді деп отыр. Сондықтан билік өкілдерінен көмек сұрайды. Олар: «жамау-жамау жатақхананың орнына жаңасын тұрғызып берсе»- дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде