{metadescription}
Атом энергетикасына бет бұрған елдерде бизнес пен өнеркәсіп те қарыштап дамиды
Атом энергетикасына бет бұрған елдерде бизнес пен өнеркәсіп те қарыштап дамиды

Атом энергетикасына бет бұрған елдерде бизнес пен өнеркәсіп те қарыштап дамиды

Атом энергетикасына бет бұрған елдерде бизнес пен өнеркәсіп те қарыштап дамиды. Шетелдік сарапшылардың пікірінше, кез келген мемлекет атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдағанда, ол жолдар, тұрғын үйлер мен ауруханалар салуға оң ықпал етеді.

Атом электр станциясы жобасының табысты болуы үшін барлық сабақтас салалар біріге түседі. Сондықтан мамандар ядролық энергетиканың келешегі мен пайдасы ықтимал қауіп-қатерден әлдеқайда жоғары деп есептейді.

Атом электр станциясының құрылысы энергия өндірудің өзге де тәсіліне жол ашады. Себебі көмір генерациясының қалдықтары қоршаған ортаға залалын тигізеді. Бұл ретте Қазақстан да Оңтүстік Африка Республикасы сияқты, ауадағы көміртегі мөлшерін азайту жөнінде халықаралық міндеттемелерді орындауда. Сарапшылар оны елемеуге әсте болмайтынын алға тартып, екі елдің де мақсаты 2050 жылға қарай нөлдік көміртегі шығарындыларына қол жеткізу екенін айтып отыр.

Мтомбени Ханшайым, The South African Nuclear Energy корпорациясының байланыс бойынша сарапшысы:

Біздің Коэберг атом электр станциясында 2000 адам жұмыс істейді, бәрі жергілікті тұрғындар. Станция біздің энергетика кәсіпорындарды сағатына бір киловатт үшін ең арзан электр қуатымен қамтиды. Бұл тіпті көмірден де арзан, ал оның Оңтүстік Африкада өте көп екені белгілі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде