{metadescription}
Алматыда субұрқақтарды бір ай бұрын тоқтатты
Алматыда субұрқақтарды бір ай бұрын тоқтатты

Алматыда субұрқақтарды бір ай бұрын тоқтатты

Алматыдағы субұрқақтар жұмысын әдеттегіден бір ай бұрын тоқтатты. Мамандар жабдықтарын жинап, күзгі-қысқы кезеңге арналған консервация жұмыстарына көшкен.

Жәнібек Кенжеәлі, «Эко Алматы» ЖШС бас маманы:

Субұрқақтардың жұмысы тоқталғаннан кейін жұмыс екі кезеңнен тұрады. Бірінші суын ағызып, жуып-шайып болғаннан кейін, бүкіл құрал-жабдық қоймаға жөнелтіледі. Істен шыққанын ауыстырып, жөнделетінін жөндеп, келесі жылға күзден бастап дайындаймыз.

Субұрқақтардың қазір суы ағызылып, құбыр жүйесі тазартылып жатыр. Бұрандалары мен сымдарын жаңалау үшін демонтаж жүргізуде. Әйтсе де орталық көшелердегі кейбір субұрқақ әлі істеп тұр. Мамандар бәрін кезек-кезекпен, 23 қазанға дейін тоқтатамыз дейді. Бүгінде қанша субұрқақты жөндеу керек екені әзірше белгісіз. Шаһарда 150-ден астам субұрқақ болса, соның 66-сы қала балансында.

Мейіржан Жанатбек:

Өкінішті, барлығы жұмыс істемегені. Күз келіп, маусымның аяқталғаны сәл өкінішті. Балалар жаздағыдай далада, субұрқақта ойнай алмайды. Өзіміз де кішкентай кезімізде субұрқақты жақсы көретінбіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде