{metadescription}
Auyl Sport: Алты спорт түрінен ауыл-аймақта мықтылар іріктеліп жатыр
Auyl Sport: Алты спорт түрінен ауыл-аймақта мықтылар іріктеліп жатыр

Auyl Sport: Алты спорт түрінен ауыл-аймақта мықтылар іріктеліп жатыр

Шалғайда тұратын шымыр да, шыныққан ұл-қыздарға үлкен спортқа жол ашылмақ. Мұндай мүмкіндікті Auyl Sport жобасы береді. Еліміздің бар өңірін қамтитын республикалық шара алты спорт түрінен ұйымдастырылып отыр. Жастар алдымен ауыл-аймақта іріктеліп, үздіктері республикалық финалға жолдама алады.

Мұхтар Есқалиев, Қазақ спорт және туризм академиясының тәрбие және спорт жұмысы жөніндегі проректоры:

 Ынтымағымыздың негізгі мақсаты мен міндеті дене шынықтыру пәнінің оқытушылары, жаттықтырушылар, спорт нұсқаушылардың біліктілігін көтеру. Серпін беріп, дамуына сенімдіміз. Өйткені біздің талантты спортшылармыз, олимпиадада үлкен жетістікке жетіп жүрген чемпиондар мен жүлдегерлеріміздің көбі, пайызбен алсақ, ауылдан шыққан.

Ауыл мықтылары ауданға, ауданнан облысқа, республикалық сайысқа  жолдама алады. Ал ақтық жарыс жолына шыққанын Қазақ спорт және туризм академиясының жаттықтырушылары  баптайды.

Игі бастамаға Halyk қайырымдылық қоры демеу көрсетуде.  Қос тарап бүгін Auyl Sport шарасында меморандумға қол қойды. Бұл жобада жастар баскетбол, волейбол, каратэ, бокс, шахмат, еркін күреске қатыса алады.

Ғалымбек Жақсылықов, Halyk қайырымдылық қоры, Алматы облысы филиалының директоры:

Жобаның мақсаты ауыл жастарын, ауыл балаларын спортқа бейімдеу. Спорт жауапкершілікке тәрбиелейді, тәртіпке тартады, алдына мақсат қойып, сол бағытта жұмыс істейді. Ең басты пайдамыз ауыл балаларының жақсы дамуына  септігімізді тигізу.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде