Депутат: «ТикТокты» бұғаттап немесе шектеу енгізу керек
«ТикТокты» бұғаттап немесе белгілі бір шектеу енгізу керек. Сенат отырысында танымал әлеуметтік желі балалар психикасына кері әсер етіп отыр дейді депутат Генадий Шиповских.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
03.10.2024
Геннадий Шиповских, Сенат депутаты:
— Жеңілген адамға жеңімпаз тарапынан әртүрлі тапсырма беріледі. Мысалы «зеленка» іш, аузыңа шамды сал, іш киіміңді көрсет. Өзіңді көлік жуатын кэшермен атқылат және тағы басқа осы секілді бұйрықтар. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Депутаттың айтуынша,ТикТоктағы осы осы сынды сан түрлі тапсырма қоғам алдында адам абыройын түсіріп, моралдық тұрғыда зорлық көрсетіп, азаматтық құқығын бұзады. Кейбір контент балалардың мінез-құлқына теріс әсер етіп, жалған идеяларға жетелеп, тәуелділікке әкелуі мүмкін. Осы ретте Қырғызстан аталған платформаға мүлдем тыйым салып, балалардың психикасын қорғауға қадам жасаған. Ал АҚШ пен Франция TikTok пайдаланушылардың деректерін жинау әдістеріне күмәнданып, онда жүктелетін контентке модерация енгізді. Қазақстанда да киберқауіпсіздікке назар аудару өте маңызды, өйткені жеке және мемлекеттік мәліметтердің қорғалуы ұлттық қауіпсіздікпен тікелей байланысты,- дейді сенатор.
Ал ТикТок әлеуметтік желісі арқылы танылып, оңай табыс көзіне айналдырған блогерлар: «ТикТокты» бірден бұғаттап тастамай, шектеу енгізсе де жеткілікті» деген пікірде.
Дамир Хамидуллин, блогер:
— «ТикТок» жабылу керек дегенге келіспеймін. Мысалы, көрші мемлекет, басқа мемлекеттермен де тек қана осы онлайн-бизнеспен ғана ТикТокта жұмыс істеп жатыр. Көптеген таланттар ашылып жатыр, көптеген аспаздар шығып жатыр. Иә, осындай бала психологиясын бұзатын болса, IT мамандары жалпы тексеріс өткізіп барып бұғаттауы қажет деп ойлаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!