{metadescription}
Президент: Мәслихат аймақтың әлеуметтік жағдайына әкімдікпен бірдей жауапты
Президент: Мәслихат аймақтың әлеуметтік жағдайына әкімдікпен бірдей жауапты

Президент: Мәслихат аймақтың әлеуметтік жағдайына әкімдікпен бірдей жауапты

Мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыратын уақыт келді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының II республикалық форумында халық сайлаған ақ жағалыларға қатысты біраз мәселеге тоқталды. Әсіресе сайлаушылармен кездесуге дайындалмай келетін депутаттар сын садағына ілінді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Мәслихаттар аймақтың әлеуметтік жағдайына әкімдіктермен бірдей жауапты. Депутаттар биліктің саясатын халықтың сеніміне сай жоғары деңгейде арттыру керек. Ол үшін мына мәселелерге назар аудару қажет. Біріншіден, депутаттардың құзырет деңгейін арттыру қажет.

Мемлекет басшысы мәслихаттар жасырын емес, жария саясаткерлердің жаңа толқынын қалыптастыратын орынға айналуы тиіс екенін қадап айтты. Бұл ретте Президент қызу пікірталас алаңына айнала кететін Мәжілістен үлгі алуға шақырды.

Кеңесте жасты да, жасамысты да телмірткен әлеуметтік желі мәселесі көтерілді. Бұлай кете берсе, болашақта ұялы телефонға телмірген адамдардың зомбиден еш айырмашылығы болмайтыны бесенеден белгілі. Сондықтан бала тәрбиелеуде ата-аналар бар жауапкершілікті мектеп пен мемлекет мойнына жүктеп қоймай, бір сәт, үйдегі перзентінің тәлім-тәрбиесіне зер салу керек екенін айтты Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Қазақстанның болашағы жастардың қолында. Елімізге егілген әр талдың игілігін көретін де жас ұрпақ. Біз сөзбен айтсақ, не істесек те, елдің ертеңі үшін істейміз. Сондықтан балалардың денсаулығына, олардың білімі мен тәрбиесіне бүкіл ел болып ерекше көңіл бөлуіміз керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде