{metadescription}
Өзбек сарапшысы: Қазақстанда да, Өзбекстанда да бір емес, бірнеше АЭС салу керек
Өзбек сарапшысы: Қазақстанда да, Өзбекстанда да бір емес, бірнеше АЭС салу керек

Өзбек сарапшысы: Қазақстанда да, Өзбекстанда да бір емес, бірнеше АЭС салу керек

Өзбек сарапшылары көршілес елде шағын модульді реакторлардан бөлек, толыққанды АЭС құрылысын бастайтын күн жақын деп санайды. Себебі электр қуатына тапшылық күннен-күнге артуда.

Энерготапшылық зардабын оңтүстіктегі көршілердің шағын және орта бизнес өкілдері көріп отыр. Көршілес елдердің сарапшылары тапшылық бірден емес, біртіндеп сезілгенін айтады. 2000 жылдардың басында-ақ жарық жиі өшіп отырған. Бүгінде Өзбекстан шағын модульді реактор құрылысына ден қойған. Әр нысан тәулігіне 300 мегаватт өндіреді. Дегенмен жан-жақты зерделенген зерттеулер толыққанды АЭС салмайынша, мәселенің түп-тамырымен шешілмейтіндігін көрсетіп отыр.

Бахтиёр Ергашев, Ma'no зерттеу бастамалары орталығының директоры:

Өзбекстан атом электр станциясын салу идеясына бірден келген жоқ. 2000 жылдардың басында электр қуатының тапшылығын сезіне бастадық. Сол кезде-ақ тығырықтан шығар жалғыз жол АЭС салу керек екенінекөзіміз жетті. Менің пікірімше, Қазақстанда да, Өзбекстанда да бір емес, бірнеше АЭС салуы керек. Біздің елге кемі алты реактор қажет деп білемін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде