{metadescription}
Ақтөбеде мас келіншектің кесірінен бүтін бір аудан газсыз қалды
Ақтөбеде мас келіншектің кесірінен бүтін бір аудан газсыз қалды

Ақтөбеде мас келіншектің кесірінен бүтін бір аудан газсыз қалды

Ақтөбеде мас келіншектің кесірінен бүтін бір аудан көгілдір отынсыз қалды. Ішімдікке тойып алған жүргізуші газ құбырын тартып жатқан құдыққа көлігімен түсіп кеткен.

Мастығы тарқамаған тұрғын таңғы алты жарым шамасында Алтын Орда ықшам ауданында көлікке отырады. Газ құбырына арнап қазылған шұңқырдың лентамен қоршаулы тұрғанына қарамастан, қатты жылдамдықпен келіп соған құлаған. Өзі дін аман . Бірақ құбыр жарылып, 8 тұрғын үй кешені, 600-ге жуық пәтер газсыз қалды. Мамандар коммуналдық апатты қалпына келтіріп жатыр. Ал жүргізуші келіншекке қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шекпеді. Өткізілген сараптамаға сәйкес, автокөлік жүргізушісі масаң күйде болғаны анықталды. Осы дерек бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа шешім қабылдауға жіберілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде