{metadescription}
Алматыда 50-ге таяған шетел азаматының өліміне қатысты тергеу басталды
Алматыда 50-ге таяған шетел азаматының өліміне қатысты тергеу басталды

Алматыда 50-ге таяған шетел азаматының өліміне қатысты тергеу басталды

Алматыда 50-ге таяған шетел азаматының өліміне қатысты тергеу басталды. Күдікті ретінде бірге тұратын көңілдесі қамауға алынған. Алайда марқұмның қызы әкесінің ауырып бақилық болғанын айтады. Ал денесін бөлшектеп өртелгенін, отағасы көзі тірісінде өзі сұрапты-мыс. Яғни марқұм ұстанған діннің жоралғысы сондай дейді туыстары.

Жантүршігерлік оқиға қаланың төртінші шағын ауданында болды. Міне, дәл осы үйден күні кеше ер адамның бөлшектелген денесі табылған.

Мәйіт табылған пәтерге алғаш болып полицейлермен бірге куә ретінде Нұрлан Жапарқұлов та кіріпті. Балталанған 50 жастағы марқұмның денесі әлі көз алдында.

Нұрлан Жапарқұлов, аула сыпырушы:

Балтамен шауып тастаған. Ваннаға бөлшектеп-бөлшектеп кіргізіп, жатқызып қойған. Бөлшектеп тастағаннан кейін үстінен от жаққан. Қарайып кеткен ғой, тырнақтары. Бір-екі саусағы күйіп кеткен, қап қара болып. Әр жерінен жаққан. Қолының үстіне қағаз жаққан ба, әйтеуір өртеген.

Сол пәтерге біз де барып көрдік. Есікті ашқан келіншек өзін марқұмның қызымын деп таныстырды. Аузынан алкогольдің иісі мүңкіп тұр. Тұрмыс жағдайы да нашар сияқты. Айтуынша, әкесі дерттен қайтыс болған. Бірақ немен ауырғанын айта алмады.

Марқұмның қызы:

Әкемді ешкім өлтірмеді. Ауырып ажал құшты. Ол скандинавтық дінге сенетін. Тірі кезінде, бізге «өлгеннен кейін денесін бөлшектеп, өртеп жіберіңдер» деп ылғи айтатын. Скандинавтық жерлеу рәсімі бойынша, мәйітті қайыққа салып суға жібереді. Артынан жанып тұрған жебені садақпен атып, мәйітті өртейді.

Марқұм ресейде туып өскен екен. Кейін Қазақстанға келіп, отбасын құрып, балалы-шағалы болыпты. Екі қызы бар. Тағы бір қызды асырап алған деседі.

Марқұмның қызы:

Әкем жерлеу рәсімін жүргізуді өгей қызына тапсырған. Өйткені ол эмоционалды, физикалық тұрғыдан арамыздағы ең мықтысы болатын. Әкемізді аман алып қала алмағасын, денесін сыртқа шығара алмайтынын түсініп, пәтердің ішіндегі ваннада өртейтін болып шештік.

Алайда сол маңдағы тұрғындар қылмыстың қызғаныштан болғанына сенімді. Өйткені асыранды деген 20-ның төңірегіндегі қыз марқұмның көңілдесі болуы мүмкін екен.

Жанболат Омар:

Екі әйел сол бір еркекке таласып қалған болу керек. Содан кейін барып бауыздаған ғой, екеуі. Біреуі өзінің әйелі ғой. Екіншісі көңілдесі ғой деймін.

Ал тәртіп сақшылары бір адамның ғана қамалғанын жеткізді. Әйелі ма, көңілдесі ме, әлде өгей қызы ма, белгісіз.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

Әуезов ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мән-жайы анықталып жатыр.

Марқұм шамамен осыдан бес күн бұрын қайтыс болған екен. Сол уақыт бойы боршаланған денесі ваннада жатыпты. Кісі қолынан қаза тапты ма, әлдедемі дерттен үзілді ме, бұл сұрақтың жауабы сараптамадан кейін белгілі болмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде