{metadescription}
Сот жүйесіндегі жаңалықтар: Жеке кассациялық сот, цифрлық технология, ЖИ
Сот жүйесіндегі жаңалықтар: Жеке кассациялық сот, цифрлық технология, ЖИ

Сот жүйесіндегі жаңалықтар: Жеке кассациялық сот, цифрлық технология, ЖИ

Мемлекет басшысы судьялардың IX сьезінде сот жүйесіндегі жаңашылдық — отырыстардың онлайн өтуіне оң баға берді. Барлық процесстерде осындай жоғары стандарт болуы керек, деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Төрт жылда бір рет өткізілетін шарада судьялардың жаңа Әдеп кодексі де талқыланып, сот жүйесін жетілдіру жолдары да қарастырылып жатыр.

Мемлекет басшысы: «Жалпы, сотты онлайн өткізу жұрттың құқық мәдениетін көтеруге оң әсер етуде. Бұл елімізде Заң мен Тәртіп қағидатын орнықтыратын тиімді тәсіл" – деді.

Судьялар сьезінде сот мамандарын іріктеу және құзыретін күшейтуге баса мән беру қажет екені айтылды.

Алқа билер тәжірибесі де нәтиже бере бастаған. Қазір алқа билерді іріктеу цифрлық жүйеге көшкен. Сот жүйесіндегі тағы бір жаңалық Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша жеке-жеке кассациялық сот құрылатын болды. Аталған соттар алдағы жылы шілдеде жұмысына кіріспек.Сонымен қатар сот цифрлық технология қолдануға жаппай көше бастаған.

Еркебұлан Төлешов, Шымкент қаласы сотының судьясы:

Технология, жасанды интеллект болашақта қосылады. Қазір қылмыстық істердің 80 пайызы электрондық істер. Өте тиімді. Болашақта 100 пайызға жетеді деген ойымыз бар. Ал онлайн процесс, биыл 2 процес өтті. Болашақта оның бәрі талқыланып, тағы да осындай онлайн істері болады деген ойдамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде