{metadescription}
Сарапшылар: Қазақстанда АЭС салынса, экономикаға серпін берер еді
Сарапшылар: Қазақстанда АЭС салынса, экономикаға серпін берер еді

Сарапшылар: Қазақстанда АЭС салынса, экономикаға серпін берер еді

Қазір әлемде 62 реактордың құрылысы жүріп жатыр. Тағы он шақты мемлекет атом энергетикасына ден қоймақшы. Бұған бір жағынан жаһандық климаттың өзгеруі де себеп әрі энергетика тапшылығын жойып, экономикасы өрлеген елдер қаншама, - дейді сарапшылар.

Ғұмар Серғазин, ҚР ЭМ атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры:

Мәселен, Корея мемлекетін алсақ. 70-жылдары олар да атом энергетикасы дамымаған ел болды. Атом электр станциясын салып, осы саланы дамыта бастағалы экономикасы жанданып, зауыт, фабрикалар пайда болды. Тіпті кеме құрастырып, автоконцерндері дамыды.

Сарапшының айтуынша, біз қазір сол Оңтүстік Кореядан шыққан көліктерді мініп, косметикасына дейін пайдаланып жүрміз. Егер Қазақстанда АЭС салынса, ең бастысы экономикаға серпін берер еді. Қазіргі электр энергиясының тапшылығынан құтылып, елімізде өндіріс ошақтары ашылса, ең алдымен көрші мемлекеттерге тәуелді болмас едік. Осылайша тауар өндіруде өзгелермен бәсекеге қабілетті болып, өнімдерімізді батыл экспорттауға болар еді, - дейді. АЭС тұрақты, экологиялық энергия көзі дейді мамандар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде