{metadescription}
«Сақадай-сай». Сайлау учаскелері республикалық референдумға дайын
«Сақадай-сай». Сайлау учаскелері республикалық референдумға дайын

«Сақадай-сай». Сайлау учаскелері республикалық референдумға дайын

Еліміздегі барлық сайлау учаскелері республикалық референдумға дайын. Бүгін облыстардағы және ірі қалалардағы аймақ комиссиялары орталыққа есеп берді. Қазақстанда барлығы 10 323 дауыс беру учаскесі бар. Ал 74-і ел аумағынан тыс, яғни шетелде орналасқан.

Шет елдердегі 12 485 отандас әлемнің 59 мемлекетінде өзінің азаматтық парызын орындай алады. Ал Ливан, Иран және Израильдегі 200-ден аса қазақстандық референдумда дауыс бермейді. Бұған соңғы бірнеше айда Таяу Шығыстағы шиеленісіп кеткен жағдай себеп.

Елімізде дауыс беру құқығына ие 12 млн 244 мың 683 адам бар. Референдум учаскелері жұмысын таңғы сағат 7-де бастайды.  Ал әскери бөлімдер мен кейбір вахталық елді мекендерде жұмыс тәртібі бөлек болғанына байланысты 84 учаскеде дауыс беру бір сағат бұрын ашылады. 

Отырыста тіркеуі жоқ азаматтарды референдум күні уақытша тіркеуге алу мәселесі сөз болды.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық референдум комиссияның төрағасы:

Бізде мүлде тіркеуі жоқ Қазақстан азаматтары бар. Міне, соларға 196 сайлау учаскесінде бір күнге тіркеліп, сол учаскелерде дауыс беруге мүмкіндік бар. Бұл өте тез жасалады. Кеше тестілеуден өттік, жүйе толыққанды жұмыс істейді.

Айта кетейік, мұндай куәлік беру 5 қазанда сағат 18:00-де тоқтатылады. Дауыс беру кезінде азамат есептен шығару куәлігі мен жеке басын куәландыратын құжатын ұсынуға тиіс. Ал денсаулығына байланысты, яки отбасының науқас мүшесіне күтім жасайтын азаматтар, мүгедектігі бар тұлғалар мен қарт адамдар үйінен шықпай-ақ дауыс бере алады. Ол үшін бар болғаны жергілікті комиссияға хабарлауы тиіс.

Пірман Шериев, Астана қаласындағы  №256 сайлау учаскесінің төрағасы:

Арыз жазған жағдайда біз оның үйіне барып, дауысты үйінде бере алады. Референдум учаскесінің міндеті дауыс берушіге бар жағдайды жасау. Үйде дауыс беру үшін 6 қазан сағат 12-ге дейін осында қоңырау соғуға болады. 12-ге дейін біз арыздарды қабылдаймыз. 

Жалпы бюллетенді жергілікті референдум комиссиясы дауыс берушінің ұсынған құжаты арқылы тізімде бар-жоғын тексеріп барып береді. Оны алдын ала телефон арқылы, арнайы электронды портал немесе мобильді қосымша арқылы нақтылауға болады. Егер аты-жөніңіз тізімде болмаса, онда сол учаскедегі халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарының көмегіне жүгінесіз.

Берік Төребеков, Астана қаласы Нұра ауданы референдум комиссиясының төрағасы:

Шағын ХҚКО істейтін болады. Сонымен қатар онлайн қызмет, әр комиссия мүшелері екі адамнан тағайындалған. Олар өз базасына кіреді. Сол жерден онлайн режимде қарай алады. Азамат келсе, дауыс беруші оны қарап, оның қандай учаскеге жататынын анықтап, бағыттайды.

Жауапты саяси науқанда әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасалғанын анық байқауға болады.

Әр учаскеде арба кедергісіз кіретіндей, кең кабина. Зағип азаматтарға брайль шрифті бар арнайы трафарет болуы шарт. Оларға бюллетеннің аудио нұсқасы беріледі, ал есту қабілеті бұзылған адамдар интернет арқылы ымдау тілі маманымен байланыса алады.

Ел ертеңіне қатысты маңызды шешім қабылдауда 12 миллион 244 мың 683 азаматтың дауыс беру құқығы бар. Егер референдумға дауыс беру тізіміне енгізілген азаматтардың жартысынан көбі қатысса, референдум өтті деп есептеледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.